Otbasy


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Отбасын жоспарлауОрындаған:Қожахметова Ш.АҚабылдаған:Сулейменова Ж.Ұ ЖоспарКіріспе бөлімII. Негізгі бөлім Жанұяны жоспарлау Отбасын  жоспарлаудың қажеті? Контрацепция әдістеріIII.Қорытынды бөлімПайдаланылған әдебиет Сұрағы:Отбасын жоспарлау дегеніміз не? Мақсаты:Отбасын дұрыс жоспарлауды үйрету. Жанұяны жоспарлау – қаламаған жүктіліктен сақтануға, әйел ауруларын және өлімін төмендетуде жоғары мамандандырылған сапалы қызмет етеді. Жанұяны жоспарлау әр түрлі контроцепция әдістері туралы (тиімділігі, кемшілігі, кері әсері, асқынуы т.б ) толық және анық ақпарат бере алады. Бұл әдіс баланың және ананың денсаулығын жақсарту ғана емес, бұл адамның құқығының бір түріне жатады.  Отау құрған екі жас берілген ақпаратты толық түсініп, таңдау жасайды, сондықтан қазіргі кезде кең депазонды қауіпсіз және нәтижелі контрацепцияның әр түрлі әдістері кең ұсынылады. ХДҰ жанұяны жоспарлауға сапалы қызмет етеді және әдістердің нәтижелі болуы үшін көп көңіл бөледі.   Отбасын  жоспарлаудың  кажеті: қалаулы  денісау баланы туу ушін; әйелдердің денсаулығын сақтау үшін; отбасындағы психосексуалды қатынастардағы үйлесімділікке қол жеткізу үшін; өмірлік жоспарларды жүзеге асыру үшін; өмip сүру сапасын жақсарту  үшiн. Отбасыны жоспарлау – әйелдер мен балалардың ауруларының төмендеуі мен сақтауына бағыталған шаралар жиынтығы. Бұл шаралар жиынтығы ерлі – зайыптылардың келесі мәселерін шешуге мүмкіндік береді: Керексіз балалардың болдырмауынан; Тек керекті балалардың болуы; Жүктілік арасы аралығын реттеу; Балалар санын анықтау; Ата – аналардың жасына байланысты балаларды туу мерзімін бақылау. Бұл мәселелердің бөлігі келесілер есебінен шешіледі: Ұрықтануға қарсы заттармен қамтамасыз ету; Тұқым беру қабілеті жоқтығын емдеу; Бала көтере алмауды емдеу.  Бала туу үшін әйелдің жас мерзімін анықтау өте маңызды. Жүктілік кезіндегі, туу және туғаннан кейінгі мерзімде асқынудың пайда болуынан жиырма жасқа дейінгі бала туатын әйелдердер қауіптілік тобын құрайды. Отыз бес жастан асқан әйелдер босанғанда баланың генетикалық «ауытқулармен» (мысалы, даун – бала) туу қаупі артады. Отбасыны жоспарлауда ана өлімінің төмендеуінде маңызды роль атқарады, оның бір себебі — заңсыз жасанды түсік. Кейде жасанды түсік жасату арқылы жоспарланбаған жүктілікті үзу әйелдерге репродуктивті денсаулығына түзелмейтін зиян келтіреді. Зерттеулер нәтижесінде, егер 16 жасқа дейінгі әйелдердің бірінші жүктілігі түсікпен аяқталса, онда келесі жүктіліктер сәтсіз болуы мүмкін (өзіндік түсіктер, ерте босану). Контрацепция құрамына, мөлшеріне, әсер етуіне көрсеткішіне, қарсы көрсеткішіне, қолдану ерекшелігіне, қолдану әдісіне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Отбасын жоспарлау үйлесімді және қayiпciз жыныстық қатынас құруға, өз денсаулығын caқтayғa мүмкіндік беретін контрацепция әдістері арқылы жүзеге асырылады. Бұл: Ішілетін  құрама контрацептивтер. Инъекцияльқ контрацептивтер. Имплантанттар (норпланта). Әйелдердің стерилизациясы. Вазэктомия (еркектердің стерилизациясы). Презервативтер (мүшеқаптар). Жатырішілік заттар. Қынаптық әдістер (диафрагмалар және жатырмойны қақпақшасы) Отбасын жоспарлаудьң табиғи  әдісі  (физиологиялық  әдіс). Лактациялық аменорея әдісі  (ЛАӘ). Комбинирленген оральді контрацепция.  а. Құрамы. Оральді контрацепция, яғни ұрықтануға қарсы препарат комбинациясында эстроген және прогестина немесе прогестин бар. Бізге бір –, екі -, және үш- фазалы комбинерленген эстроген – гестагенда препараттар белгілі.  Бір фазалыға: овулен, овидон, регевидон, диане — 35, микрогинон жатады; Екі фазалыға: антеовин, климин, дивин жатады. Үш фазалыға: триквилар, тризистон, трирегол, марвелон және т.б Комбинерленген оральді таблеткалар құрамында эстрогегннің (этинилэстрадиол немесе местранол ) және прогестиннің құрамы әр түрлі мөлшерде болады. Жедел контрацепция. (ЖК) Жедел контрацепция жиі қолданылмауы тиіс. Жедел контрацепция қолданатын әйелдерге міндетті түрде ретті контрацептивті әдісті қолдануды таңдауды ұсынып , түсіндіру керек. Жедел контрацепцияны қай кезде қолдануға болады: қорғанусыз жыныстық қатынас кезінде ; мүше қаптың бүтінгінің бұзылып, тайғанақтауы кезінде; сексуальдық зорлауда; фертильді күндері жыныстық қатынасқа түскенде; егер әйел жүкті болудан қорықса (басқа әдістерді мысалы: таблетканы уақытынсында ішуді ұмытса т.б.). Жедел контрацепцияға төмен фазалы КОК , таза прогестинді таблеткалар, мыс құрамды ЖІС жатады. Таза прогестинді таблеткалар левоноргестрел КОК сияқты нәтиже береді. Бірақ зиянды әсерлері аз. Жедел контрацепция. (ЖК) Жедел контрацепция жиі қолданылмауы тиіс. Жедел контрацепция қолданатын әйелдерге міндетті түрде ретті контрацептивті әдісті қолдануды таңдауды ұсынып , түсіндіру керек. Жедел контрацепцияны қай кезде қолдануға болады: қорғанусыз жыныстық қатынас кезінде ; мүше қаптың бүтінгінің бұзылып, тайғанақтауы кезінде; сексуальдық зорлауда; фертильді күндері жыныстық қатынасқа түскенде; егер әйел жүкті болудан қорықса (басқа әдістерді мысалы: таблетканы уақытынсында ішуді ұмытса т.б.). Жедел контрацепцияға төмен фазалы КОК , таза прогестинді таблеткалар, мыс құрамды ЖІС жатады. Таза прогестинді таблеткалар левоноргестрел КОК сияқты нәтиже береді. Бірақ зиянды әсерлері аз. ЖАТЫР ІШІЛІК СПИРАЛЬ (ЖІС) Жатыр ішілік сайман жүкті болып қалмау үшін қолданылады. Оның тиімділігі 97%. Өзге шаралардан айырмашылығы ол жұмыртқа жасушасының ұрықтану- ын болдырмайды, ұрықтың жатыр қабырғасына бекінуіне жол бермейді, яғни оны мезгіліне жетпей түсікке айналдырады. Кейін бұдан жүктілікке жеткізбейтін әдет қалыптасуы мүмкін. Сондықтан, бұрын бала тумаған әйелдердің мұны пайдаланбағаны жөн. а. ЖІС тиімділігі. нәтижелігі жоғары; басқа жүйелердегі зат алмасу процестеріне зиянды әсері; жатырішілік сайманның бір реттік процедурасын ұзақ уақыт (3-5 жыл) қолдануға болады; егер әйел бала көтергісі келсе, ЖІС –ды алдырғаннан кейін 4-6 айдан соң оны қайта салдыруға рұқсат етіледі және осы аралықта жүктіліктен сақтануға өзге тәсілдерді қолдануға болады; б. Әсер етуі. Медикаментозды емес ЖІС. Контроцепциялық әсері жатырдағы бөтен дене қатысуымен жергілікті асептикалық реакцияның болуына байланысты. ЖІС бөтен дене ретінде миометридің жиырылуын шақырып, оны тездетеді. Бір уақытта жатыр түтіктерінің перистальтикасын жоғарлатады, сол себепті ұрықтанған жұмыртқа клеткасы фаллопиев түтігінен тез өтіп, жатыр қуысына имплантациялануына тез түседі, сондықтан бір жағынан жұмыртқа клеткасы әлі толық өсіп жетілмеген, бір жағынан эндометри әлі оны мплантациялауға дайын емес. БАРЬЕРЛІК КОНТРАЦЕПЦИЯ ӘДІСТЕРІ Барьерлік контрацепция әдістері (диафрагмалар, мүше қаптар, губкалар және спермицидтер) жүкті болудан, ЖЖЖС – дан, басқа гинекологиялық аурулардың дамуынан, әсіресе жатыр мойны карциномасы даму қаупін төмендетеді. Ұрықтандыруға қарсы заттардың зианды әсерлері тәжірибиеде аз деп есептеледі. Келесі барьерлік контрацепция түрлерін: ерлердің ( мүшеқап – сперманың қынапқа кіруінен сақтайды ) және әйелдердің (диафрагмалар, губкалар және спермицидтер) деп бөледі. Мүше қаптар тиімді, қауіпті емес және салыстырмалы арзан, ЖЖЖС – дан сақтайтын жеке әдіс. Оны басқа контрацепция әдістерінде ЖЖЖС – дан сақтануға қосымша әдіс ретінде қолданады. Бұл әдіс мына жағдайда пайдалы, егер серіктер әр жыныстық қатынас кезінде қолданса. а. Тиімділігі келесі фактрларға байланысты болады:  Серіктер жасы (жасы үлкен серіктерде фертильділік төмендейді). Жүкті болуды ескерту немесе жанұяны жоспарлауды кейінге қалдыру. Серіктердің жоғары деңгейдегі білімділігі. Жүктілік болу жиілігі 1 жылда 100 әйел ішінен 5-10 жағдай кездеседі. б. Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулар. Латексті мүшеқаптар ауа, су және микроорганизмдерді өткізбейді. Сондықтан ЖЖЖС – дан сақтайды. Спермицидтер. Оған гелдер, аэрозольді көпіршіктер, көпіршікті және көпіршіксіз суппозиторилер жатады. Бұл әдәсті диафрама, губка және мүше қаптармен бірге қолданады. Бірақ, әйелдердің 3% ғана спермицидтерді қолданады. а. Әсер етуі. Барерьлік контрацептивтер активті компонент тез бөледі және қынаппен жатыр мойнынна жайылу қабілеті бар. Спермицидтер жатыр мойнына сперматозоидтардың кіруіне физикалық бартер ретінде кедергі жасай алады. Жатыр мойны шырышына енген сперматазоид бөлігіне спермицид әсер еткен соң, фуртильдік қасиетін төмендетеді. Спермицидтердің активті ингридиенттері сперматозоидтардың қозғалғыштығын аналық клеткаға енуін жүргізетін фермент активтілігін төмендетіп, оларды жояды. Беткейлі – активті заттар ( мысалы ноноксинол 9 және октоксинол 9) сперматозоидтың сырқы мембранасын бұзады. Фермент ингибитрлары ( мысалы, госсипол) – спермостатиктер; олар сперматозоидты жүргізетін ферменттердің активтілігін төмендетеді және фермент акросомалары (мысалы, гиалуронидаза және проакрозин ), ұрықтану кезінде аналық клетканың мөлдір қабатынан сперматозоидтың өтуіне кедергі жасайды. б. Жүктілік болу жиілігі бір жылда 100 әйел ішінен 5 – 25 жүкті болады, ол бірнеше факторларға байланысты мысалы, егер спермицид жатыр мойнын толық жаппаса, онда оның әсері нәтижесіз. ТАБИҒИ ЖОЛМЕН ЖҮКТІЛІКТЕН ҚОРҒАНУ Босанғаннан кейін әйел организмінде аса қажетті физиолгиялық процестер, әсіресе жыныс жүйесінде өзгерістер болады. Босанғаннан 7-8 апта өткен соң жатырдың шырышты қабаты қайта қалпына келеді. Сегізінші аптада жатыр көлемі 3 – 5 см3 кішірееді. 6 аптада емізбейтін әйелдердің 5% және емізетін әйелдерде 15 % жағдайда овуляция процесі болады. Емізетін және емізбейтін әйелдерде менструальды цикл орташа есеппен 9 – 18 аптада қалпына келеді. Фертильділікті осы кезеңде реттеу басты роль атқарады. Бұл кезде лактациялық аминорея әдісі ( ЛАӘ) қолданады. ЛАӘ — контрацептивті әдіс, ана сүтімен емізуге негізделген. Бірақ уақытша контрацептивті әдіс деп есептелінеді. ЛАӘ жүктілік болудан табиғи түрде қорғайды. Бұл әдіс баланың бірінші 6 — айында нәтижелі болады, бірақ берілген критерилерді қатаң түрде сақтасақ. (Лактациялық аменорея жайлы толықтай мына жердегі материалдан біле аласыз) Лактациялық аменорея қолдану критерилері: Босанғаннан кейін бірінші 6 – айға дейін; Әйелде аменарея болса; Әйел балаға тек емшек сүтін берсе; Ана сүтті баланың қажетінше емізіп, басқа тамақ бермеу керек; Күніне 6 реттен аз емес ( түнгі емізуді қоспағанда ) ХИРУРГИЯЛЫҚ КОНТРАЦЕПЦИЯ Қазір көп елдерде хирургиялық контрацепция әдісі кең қолданылады. Ерікті хирургиялық стерилизация ( ЕХС ) 2 түрге бөледі: әйелдердің ерікті хирургиялық контрацепциясы және ерлердің хирургиялық контрацепциясы. ЕХС туралы консультацияға келген клиент толық танысады. Әдістің тиімділігі: тұрақты бір ретті шешім қабылдау, жүктіліктен қорғанудың табиғи және тиімді болуына байланысты. Асқынуы: ЕХС, басқа операцияларға сияқты белгілі асқынулар болады (қан кетулер, қабыну процестері немесе оның асқынулары). Бірақ дамушы елдерде стерилизация жүктіліктен сақтануға қоданылатын басқа әдістермен салыстырғанда 30 – 80 рет қауіпсіз. Пациенттер, яғни әйел / еркекке қатысты сұрақтарды толық сұрауға мүмкіндігі бар. Тек әдісті толық түсінген жағдайда жанұяны жоспарлау дұрыс болады. Пациенттердің хирургиялық әдісті таңдауы және оған шешім қабылдауы өз еркінде. ҚорытындыЖанұяны жоспарлау – қаламаған жүктіліктен сақтануға, әйел ауруларын және өлімін төмендетуде жоғары мамандандырылған сапалы қызмет етеді. Жанұяны жоспарлау әр түрлі контроцепция әдістері туралы (тиімділігі, кемшілігі, кері әсері, асқынуы т.б ) толық және анық ақпарат бере алады. Бұл әдіс баланың және ананың денсаулығын жақсарту ғана емес, бұл адамның құқығының бір түріне жатады.  Отау құрған екі жас берілген ақпаратты толық түсініп, таңдау жасайды, сондықтан қазіргі кезде кең депазонды қауіпсіз және нәтижелі контрацепцияның әр түрлі әдістері кең ұсынылады. http://medportal.ru/enc/gynaecology/contraception/http://mama.ru/articles/metody-kontracepciiПайдаланылған әдебиеттер: Кері байланысЖанұяны жоспарлау дегеніміз не?Отбасын жоспарлаудың қажеті?Контрацепция түрлері? Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет

Приложенные файлы

  • pptx 19140631
    Размер файла: 5 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий