patfiz esep


Есеп № 1 ЖЖ
72 жасар науқас А., денесінің сол жақ бөлігінің әлсіздігіне шағымданып, аурухананың қабылдау бөліміне түсті. Бұл көріністер тамақ қабылдау кезінде кездейсоқ пайда болған. Науқаста сөйлеу қабілеті қиындаған және сол аяғынмен сол қолын қозғалта алмайды. Анамнезінде науқаста артериялық гипертензия мен, ЖИА-мен ауыратыны және холестериннің деңгейі жоғары екендігі анықталды. Зерттеу барысында: АҚ 190/100 мм.с.б.б., сол жақтық айқын гемипарезі, сол жағында Бабинский рефлексі анықталды. Мыйдың компьютерлік томографиясында қан құйылу көріністері жоқ.
Науқаста патологияның қай түрі туралы ойлауға болады?Көрсетілген бұзылыстар мыйдың қай артериясының зақымдалуынан болуы мүмкін?
Науқаста пайда болған парездің түрін көрсетіңіз, оның сипаттамасын берініз.
Нейронның гипоксиялық бұзылысының патогенезін түсіндіріңіз
Көрсетілген патологияны дамытқан қандай қауіп-қатер жайттарын осы науқаста анықтауға болады? Осы патологияның тағы да басқа қандай қуып- қатер ықпалдарын білесіз?
Есеп № 2 ЖЖ
Науқас Ж 20 жаста, институт бітіруші түлек ауруханаға мынадай: ұйқысының нашарлығына, ашуланшақтыққа, жылаңқылыққа, тәбетінің болмауына, көңіл-күйінің тұрақсыздығына, бас ауыруы сияқты көптеген шағымдармен келіп түсті. Қарап тексергенде: соматикалық статусы қалыптыдан өзгермеген. Анамнезінен белгілі болғаны, көрсетілген өзгерістер соңғы 10 ай көлемінде дамыған. Осы кезеңде тұрмысқа сәтсіз шығу, жолдамамен жіберілген жаққа кету қажеттілігі сияқты науқаста өте қиын өмірлік жағдайлар болған. Бөлімшеде жатқан уақытта үнемі медициналық қызметкерлерге көңілі толмайтындығына шағымданып, өзіне ерекше көңіл бөлуді талап еткен. Әрбір тамақ қабылдағаннан кейін (науқастардың және қызметкерлердің көзінше) құсқан.
Невроздың қандай түрі науқаста дамыған ?
Науқастағы әйгіленімдер жиынтығының шығу тегі мен патогенезін түсіндіріңіз
Тағыда басқа қандай невроздардың түрін білесіз, олардың сипаттамасын беріңіз
Неврозды эксперимент жүзінде қалай үлгілейуге болады?
Есеп № 3 ЖЖ
Орта жасар еркек ес түссіз жедел жәрдем көрсету ауруханасына жеткізілді. Науқасты алып келген мейірбике, науқас кенеттен құлан кезде клонико-тониялық тырыспалар басталғаны туралы хабар берді. Қарап тексергенде: есі кіресілі-шығасылы, дене қызуы 38° С, АҚ 170/90мм с.б., тамыр соғысы минутына 105 рет, тыныс алу жиілігі минутына 18 рет. Денесінің сол жақ бөлігінде қимыл азайған, Бабинский рефлексі екі жақтанда анықталады.
Науқаста мый қан айналымының қандай бұзылысы бар? Аңғарымды анықтау үшін қандай зерттеулер жүргізу керек?
Науқастағы тырысулар мен дене қызуы көтерлуінің патогенезін түсіндіріңіз.
Бабинский рефлексінің пайда болуымен қозғалыстың шектелу патогенезін түсіндіріңіз
Аталған дертте АҚ көтерілуінің қандай маңызы бар
Есеп № 4 ЖЖ
К есімді 12 жастағы науқас, уақтылы туылған, жасына сәйкес өсіп жетілген. Үш жасар кезінде қызылшаға қарсы сарысуды енгізгеннен кеін клонико- тоникалық тырыспа ұстамасынан кеін ауыра бастаған. Кеінгі жылдары аталғн ұстамаларға ұқсас ұстамалар айына 1-2 рет қайталанған. Клиникаға тексерілу үшін түсті. Тексеру барысында ішкі ағзаларда патология анықталмады. Жүйке жүйесінің ощақты бұзылысы жоқ. Көз түбі өзгермеген. Клиникада 3 минутқа созылған ұстама байқалды. Ұстама кезінде бет-әлпеті қызыл- күреңденіп көгеруге дейін барды (цианоз), ауыз қуысынан қызыл түсті қан аралас көбік бөлініп шықты, көз қарашығы кеңейген, жарыққа жауап қайтармайды, аяқ қолдарында клонико- тоникалық ұстама байқалды. Ұстамадан кейін ұйықтады. Келесі күні тілінде тіс іздері көрінеді ЭЭГда екі жарты шарда да бірен- сараң үстік толқындар байқалады. Краниограммада патология анықталған жоқ
Қандай ауру туралы ойлауға болады?
Көрсетілген аурудың этиологиясын түсіндіріңіз
Тырыспа ұстамалық синдромның патогенезін түсіндіріңіз
Тағыда қандай гипнркинездерді білесіз, олардың патогенезін түсіндірініз
Есеп № 5 ЖЖ
Нақас Д 38 жаста, жұлын жарақатынан кейін сан және балтыр бұлшықеттерінің межеқуаты төмендеп, рефлекстік серпілістері жоғалған. Дерттік рефлекстер анықталмайды. Аяқ бұлшық еттерінің семуі және терімен тырнақтың дистрофиялық өзгерістері байқалады.
Науқаста салданудың қандай түрі дамыды? Жауабыңызды негіздеңіз
Науқаста жұлынның қай бөлігі зақымданған?
Аяқ бұлшық еттерінің семуі және терімен тырнақтың дистрофиялық өзгерістерінің патогенезін түсіндіріңіз
Бұлшық еттің межеқуатының өзгеруіне, таралуына, зақымданудың орналасуына байланысты гипокинезияны жіктеңіз
Есеп № 6 ЖЖ
С есімді 33 жастағы ауру «жедел жәрдем көрсету» көлігімен клиникаға жеткізілді Аурудың аяғында белсенді қимылдар жоқ. Бұлшықет межеқуаты жоғары Тізе мен Ахилов сіңірлерінің рефлексі күшейген, тізе үсте табақшасымен аяқ ұшының селкілдек құрсуы байқалады. Екі аяғында да дерттік Бабинский Рефлексі (аяқ ұшының табан жақ бетінің сырттқы бөлігін қарқынды түрде штрихтік сызықпен тітіркендіргенде, оған жауап ретінде бірінші башпайы тырысқан күйінде жоғары қарай көтерліп, қалған башпайлыры жан жаққа қарай ажырайды) және Россолимо (башпайларының соңғы пақайшықтарын үзілісті соққылағанға жауап ретінде барлық башпайларының табанына қарай тез бүгілуі) анықталады. Шап қатпарынан төмен қарай (өткізгіштік түрдегі) барлық сезімталдық түрлері жоғалған. Үлкен дәретімен зәрдің шығуы тоқтағаны байқалады. Науқастағы салданудың сипатын анықтаңыз. Өзіңіздің қортындыңызды негіздеңіз
Науқаста жұлынның қай бөлігі зақымданған?
Науқаста жұлынның қандай өткізу жолдары бұзылған ?
Науқаста салданудың қандай түрі дамыған? Жауабыңызды негіздеңіз, Үлкен дәретімен зәрдің шығуы тоқтағанының патогенезін түсіндіріңіз
Сезімталдық бұзылысының патогенезін түсіндіріңіз
Есеп № 7 ЖЖ
Ұзақ уақыт бойы қантты диабетпен ауратын А есімді 50 жасар науқас аяғының төменгі бөлігінде сезімталдықтың төмендегеніне шағымданады, инемен тексергенде сезімталдықтың жоқтығы анықталады буындық бұлшықеттік сезімнің жоқтығыда айқындалды
Науқаста сезімталдық бұзылысының қандай түрілері бар?
Науқаста патогенезі бойынша сезімталдық бұзылысының қандай типі кездесті?
Сезім берілуінің анатомиялық жолдарын көрсетіңіз және сезімталдық бұзылысының патогенезін түсіндіріңіз
Науқастағы сезімталдық бұзылысының дамуына қантты диабет қандай роль атқарады
Есеп № 8 ЖЖ
Нуқас Б 20 жаста, кене энцефалитімен ауырып жұлынның алдынғы мүйізі зақымдалған (алдыңғы мүйіз синдромы).
Жұлынның алдыңғы мүйізінің нейрондары өткізгіш жүйенің қайсысына жатады?
Қозғалыс өткізудің анатомиялық жолдарын көрсетіңіз (пирамидалық және экстрапирамидалық)
Науқаста жұлынның альдыңғы мүізінің зақымдалуы қалай көрінеді?
Қозғалыс бұзылыстарын жіктеңіз
Есеп № 9ЖЖ
Интрамедуллярлы өспемен зардап шегетін. 50 жасар науқас Д- да жұлынның артқы мүйізі зақымданған (артқы мүйіз синдромы).
Жұлынның артқы мүйізінің нейрондары өткізгіш жүйенің қайсысына жатады?
Сезімталдық өткізудің анатомиялық жолдарын көрсетіңіз
Науқаста жұлынның артқы мүйізінің зақымдалуы қалай көрінеді?
Сезімталдық бұзылыстарын жіктеңіз
Есеп № 10 ЖЖ
Интрамедуллярлы өспемен зардап шегетін. 50 жасар науқас Д- да алдынғы сұр жабыспасы зақымданды.
Алдыңғы сұр жабыспа өткізгіш жүйенің қайсысына жатады?
Сезімталдық өткізудің анатомиялық жолдарын көрсетіңіз
Науқаста алдыңғы сұр жабыспа зақымдануы қандай көріністер береді?
Сезімталдық бұзылыстарын жіктеңіз
Есеп №11 ЖЖ
Науқас омыртқаның бел аймағынан жарақат алды. қарап тексергенде оң яағының салдануы және тактильді сезімталдықпен бұлшыкеттік буындық сезімталдықболмауы анықталды. Сол жағында көрсетілгенн аймақтарда ауыру және температуралық сезімнің жоғалуы анықталды.
Науқаста жұлынның қай бөлігі бұзылған?
Қозғалыс пен сезімталдық өткізудің анатомиялық жолдарын көрсетіңіз
Науқастағы қозғалыс зақымдануының патогенезін түсіндіріңіз.
Науқастағы сезімталдық бұзылыстарын түсіндіріңіз.
Есеп № 12 ЖЖ
Аяғында ампутаттық кесуден кейін құбыжықтық ауыру сезімі пайда болды. құбыжықтық ауыру сезімі дегеніміз не? Патогенезін түсіндіріңіз.
Ауру сезімінің түрлерін атап көрсетіңіз, оларға сипаттама беріңіз
Антиноцицептиялық жүйеге сипаттама беріңіз
Науқасқа қандай ем шаралар қолдану керек?
Есеп №13 ЖЖ
Қабылдау бөліміне 5 жастағы бала, жеңілдік әкелмейтін қүсуға, басының ауыру сезіміне шағымданып түсті. Қарап тексергенде: науқас мәжбүрлік қалыпта шүйде бұлшықеттері тартылған, басы артқа шалқайған, арқасы қайқайған, іші тартылған, аяқтары бүгілген, дене температурасы 390С. Жалпы гиперестезияның белгілері анықталды. Жалпы қан талданымында: солға ығысқан нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ 30 мм сағ. Жұлын сұйықтығы бұлынғыр, жиі тамшылап ағады, лейкоциттер мен нәруыздар күрт артқан.
Қандай ауру туралы ойлауға болады?
Осы аурудың этиологиясымен патогенезін көрсетіңіз
Клиника- зертханалық мәліметтерге патофизиологиялық сараптама жасаңыз
Этиотроптық және патогенездік ем ұстанымдарын ұсыныз
1 Тыныстың тереңдігі мен жиілігін, дем ішке тарту және демді шығару кезең дерінің арақатнасын сапаттап пневмограмма сызыңыз
2 Тыныстың өзгеруінің патогенезін түсіндіріңіз. Патогенезі бойынша және қанның газдық құрамының өзгеруі бойынша қандай тыныс алу жеткіліксіздігі жануарда дамыды
3 Тәжірбиелік жануарда ӨТС, ӨЖК, ӨЖС және Тиффно индексі қалай өзгереді ?
4 Көрсетілген сыртқы тыныс бұзылысы қандай ауруларда кездеседі?
Есеп № 1. ТАЖ
Тәжірибелік жануардың кеңірдегін жасанды жолмен тарылтқанда тыныс алу сипаты, пневмограммада қалай өзгереді?
Тыныстың тереңдігі мен жиілігін, дем ішке тарту және демді шығару кезең дерінің арақатнасын сапаттап пневмограмма сызыңыз
Тыныстың өзгеруінің патогенезін түсіндіріңіз. Патогенезі бойынша және қанның газдық құрамының өзгеруі бойынша қандай тыныс алу жеткіліксіздігі жануарда дамыды
Тәжірбиелік жануарда ӨТС, ӨЖК, ӨЖС және Тиффно индексі қалай өзгереді ?
Көрсетілген сыртқы тыныс бұзылысы қандай ауруларда кездеседі?
1 Тыныстың тереңдігі мен жиілігін, дем ішке тарту және демді шығару кезең дерінің арақатнасын сапаттап пневмограмма сызыңыз
2 Тыныстың өзгеруінің патогенезін түсіндіріңіз. Патогенезі бойынша және қанның газдық құрамының өзгеруі бойынша қандай тыныс алу жеткіліксіздігі жануарда дамыды
3 Тәжірбиелік жануарда ӨТС, ӨЖК, ӨЖС және Тиффно индексі қалай өзгереді ?
4 Көрсетілген сыртқы тыныс бұзылысы қандай ауруларда кездеседі?
Есеп № 2. ТАЖ
Плевра қуысына физиологиялық ерітінді енгізу арқылы жасанды гидроторакс кезіндегі тыныс алу ерекшелігінің өзгерістерін сипаттап графикалық түрде сызыңыз.
Тыныстың тереңдігі мен жиілігін, дем ішке тарту және демді шығару кезең дерінің арақатнасын сапаттап пневмограмма сызыңыз
Тыныстың өзгеруінің патогенезін түсіндіріңіз. Патогенезі бойынша және қанның газдық құрамының өзгеруі бойынша қандай тыныс алу жеткіліксіздігі жануарда дамыды
Тәжірбиелік жануарда ӨТС, ӨЖК, ӨЖС және Тиффно индексі қалай өзгереді ?
Көрсетілген сыртқы тыныс бұзылысы қандай ауруларда кездеседі?
Есеп № 3. ТАЖ
Науқаста бронх демікпесінің ұстамасы басталды. Ол ауа жетіспегендіктен амалсыздан иығымен кеудесін көтерінкі ұстап отыруға мәжбүр болды. Тынысы шулы, дем шығару қиындаған. Тыныс үрдісіне қосыша тыныстық бұлшықеттер қатысуда. Ұстаманың соңында науқаста аздап қою қақырық пайда болды.
1 Тыныстың тереңдігі мен жиілігін, демді ішке тарту және демді шығару кезең дерінің арақатнасын сапаттап пневмограмма сызыңыз
2 Науқас тынысының өзгеруінің патогенезін түсіндіріңіз
Науқаста ентігудің қай түрі дамды патогенезін түсіндіріңіз. Бронхоспазмның патогенезін түсіндіріңіз
3 Қақырықпен қанның жалпы талданымы зерттегенде не анықталады?
4 Науқаста ӨТС, ӨЖК, ӨЖС және Тиффно индексі қалай өзгереді ?
Пневмотахограмма қалай өзгереді?
Есеп № 4. ТАЖ
Ауруханаға «Жіті пневмония» диагнозымен 32 жасар науқас К түсті. Ауру кенеттен бас ауруынан, дененің түршігуінен, дене қызуы 390С көтерілуінен басталды. Терең дем алғанда кеуде қуысында ауру сезімі күшееді. Жөтелгенде шамалы жабысқақ қақырық бөлінеді. Тыныс алуы минутына 30 рет. Қанында нейтрофилдік лейкоцитоз, ЭТЖ 20 мм/ сағ.
1 Науқаста патогенезі бойынша және қанның газдық құрамының өзгеруі бойынша қандай тыныс алу жеткіліксіздігі дамыды ?
2 Науқастағы тыныс өзгеруінің патогенезін түсіндіріңіз
3 Қақырықты зерттегенде не анықталады?лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы мен лейкоцитоздың патогенезін түсіндіріңіз
4 Науқаста ӨТС, ӨЖК, ӨЖС және Тиффно индексі қалай өзгереді ?
Пневмотахограмма қалай өзгереді?
Есеп № 5. ТАЖ
Науқас С., 24 жаста, ауруханаға физикалық жүктеме кезінде пайда болған ентігу және қатты жүрек қағуына, жүрек аймағындағы сыздап ауыру сезіміне шағымданып түсті. Өте қатты ентігу кезінде аз мөлшерде қан аралас шырышты қақырық бөлінеді. Науқастың шағымдарына негізделе отырып және тексеру барысында қос жарғақты тесіктің стенозы әсерінен өкпе қанайналымы бұзылған деген болжам жасалды. Сыртқы тыныс жүйесін тексеру нәтижесі:
Тыныс алу жиілігі – минутына 20 рет, ӨТС – қалыптыдан 81%, ӨЖК – қалыптыдан 76%, ТМҚ –қалыптыдан 133%, Тиффно индексі – 80%, гипоксимия мен гиперкпния
1 Осы науқастағы өкпе перфузиясы бұзылысының патогенезі қандай?
2 Науқаста ентігудің патогенезін түсіндіріңіз
3 ӨТС, ӨЖК, ДМК және Тиффно индекісімен қанның газдық құрамына патофизиологиялық сараптама беріңіз.
4 Науқастағы сыртқы тыныс бұзылысына толық қортынды беріңіз .
Есеп № 6. ТАЖ
Тәжірибелік жануардың көктамырына 3% сірке суын енгізген соң тыныс алу қалай өзгеруі тиіс, дем алу сызығын келтіріңіз.
1 Тыныстың тереңдігі мен жиілігін, демді ішке тарту және демді шығару кезең дерінің арақатнасын сапаттап пневмограмма сызыңыз
2 Тыныс өзгеруінің патогенезін түсіндіріңіз
3 Тыныстың осылай өзгеруі организм үшін мағанасы қандай? Берілген тыныс өзгерісінде ҚСҮ қалай өзгереді?
4 Осындай тыныс згерісі қандай өкпе ауруларында кездеседі?
Есеп № 7. ТАЖ
Науқас,П., 33 жаста, шахтада күкіртті газбен қайта-қайта уланғаннан соң өкпе эмфиземасының клиникалық көріністері анықталды, сонмен бірге қатты ентігу анықталған. Артериялық қанның газдық көрсеткіші : рО2 – 86 мм с.б.б., рСО2 – 48 мм с.б.б., қанның оттегіге сыйымдылығы 19,6 көл%. Спирометрияның көрсеткіші: ӨЖС-жоғары, ӨТС-төмен, РКда, РКдш төмен, ӨЖК жоғары, Тиффно индексі төмен.
1 Науқаста патогенезі бойынша және қанның газдық құрамының өзгеруі бойынша тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды.?
2 Науқаста ентігудің қандай түрі дамыды? Патогенезін түсіндіріңіз.
3 ӨТС, ӨЖК, ӨЖС және Тиффно индексінің өзгерістерінің патотогенезін түсіндіріңіз. Пневмотахограмма қалай өзгереді?
4 Қандай қарапайым қызметтік сынама арқасында науқас өкпесінің диффузиялық қабілетінің жағдайын бағалауға болады?
Есеп № 8. ТАЖ
Науқаста артериалдық қанында НвО2 75%, веналық қанында – 42%, рСО250 мм с.б., ТАЖ – 22 минутында рет, ӨТС – 3, 0 л, Тиффно индексі – 50%, Нв – 180 г/л , қанның оттегіге сыйымдылығы– 36 көл%, эозинофилмен нейтрофилдік лейкоциттердің жалпы саны көбейген, қақырық сараптамасында –Куршмана спиралдері бар.
1 Науқаста патогенезі және қанның газдық құрамының өзгеруі бойынша тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды.?
2 Науқаста тыныс алу қалай өзгерді, ентігудің қай түрі дамыды? Патогенезін түсіндіріңіз.
3 Науқаста ӨТС, ТАЖ, Тиффно индексінің өзгерісінің патогенезін түсіндірініз .
Пневмотахограмма қалай өзгереді? Куршман оралымы дегеніміз не? Не туралы хабар береді?
4 Қан көрсеткіштерінің өзгерісі қандай орын алады?
Есеп № 9. ТАЖ
Артериалдық қанда НвО2 70%, веналық қанында – 40%, рСО2 55 мм с.б., ТАЖ – 25 минутында рет, ӨТС – 1,5 л, Тиффно индексі – 85%, Нв – 177 г/л , қанның оттегіге сыйымдылығы– 30 көл%, ядросы солға жылжыған нейтрофилдік лейкоцитоз, ЭТЖ -25 мм сағ. , іріңді қақырық
1 Науқаста патогенезі бойынша және қанның газдық құрамының өзгеруі бойынша тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды.?
2 Науқаста тыныс қалай өзгереді? Патогенезін түсіндіріңіз.
3 Науқаста ӨТС, ТАЖ, Тиффно индексінің өзгерісінің патогенезін түсіндірініз.
Пневмотахограмма қалай өзгереді?
4 Қан көрсеткіштерінің өзгерісі қандай орын алады? Іріңді қақырықтың пайда болғаны нені мәлімдейді ?
Есеп № 10. ТАЖ
Бас сүйегімен кеуде қуысы зақымданған, терісімен шырышты қабаттары көгерген 25 жасар науқас ауруханаға жеткізілді. АҚ 70/50 мм с.б., дене қызымы 34,20С, тамыр соғысы сирек, толуы төмен, мардымсыз. Науқас естүссіз жағдйда. Біртіндеп өше бастаған ұстамалы сирек тыныс
1 Науқаста патогенезі бойынша және қанның газдық құрамының өзгеруі бойынша тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды.?
2 Науқаста тыныстың қай түрі дамыды? Патогенезін түсіндіріңіз.
3 Көрсетілген тыныс өзгерісінің тағыда қандай түрін білесіз?
4 Үзілісті тынысқа мысыл келтіріңіз , патогенезін түсіндіріңіз.
Есеп № 11. ТАЖ
Науқаста түн мезгілінде ұстамалы тұншығулар; өкпесінде көптеген құрғақ және ылғалды сырылдар бар; АҚ 130/90 мм с.б.б.; ЖСЖ 95/мин; ҚМК 6 л; артериалық қандағы НвО2 75%, веналық қанда – 40%; қанның рН 7,33, рСО2 52 мм с.б.. Қанда эритроциттер 6х1012/л, Нв- 175г/л ретикулоциттер 4%, лейкоциттер - 12х 109/л, базофилдер -0, эозинофилдер – 18%, таяқша-ядролылар -2%, бөлшектенген ядролылар – 45%, лимфоциттер – 32%, моноциттер – 3%.
Спирограмма: тыныс жиілігі – минутына 22 рет, ТК – 300 мл, РКда -2300 мм,, РКдш -400 мм, Тиффно индексі – 40%. Пневмотахограмма: Ппик – 4,5 л/с, П75 – 3,3 л/с, П50 – 1,8 л/с, П25 – 1,0 л/с.
(қалыпты жағдайда:Ппик – 8,7 л/с, П75 – 7,7 л/с, П50 – 5,4 л/с, П25 – 2,6 л/с.)
1 Науқаста патогенезі бойынша және қанның газдық құрамының өзгеруі бойынша тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды.?
2 Пневмотахограмма және Тифно индексімен өкпе көлемдік өзгерістерінің патогенездік түсіндіріңіз.
3 Қан көрсеткіштернің өзгерістері қандй мағана береді? ҚСҮ өзгерістеріне сараптама берініңз.
4 Берілген науқаста вентеляция- парфузиялық арақатнас қалай өзгереді?
Есеп № 12. ТАЖ
Жедел жәрдем бригадасы өзін-өзі өлтіру мақсатында барбитураттарды көп мөлшерде қабылдаған науқасты ауруханаға жеткізді. Қабылдау бөлімінде АҚ 95/65 мм с.б, ТСЖ минутына 105 рет. Артериалық қанда газ құрамы анықталған.
1 Патогенезі бойынша науқаста тыныс жеткіліксіздігінің қандай түрі дамыды?
2 Артериялық қанның рН мен газдық құрамы қалай өзгереді?
3 Тыныс орталығына бағытталған афферентацияның бұзылысымен байланысты тыныс жеткіліксіздігіне мысал келтіріңіздер
4 Тыныс орталығының мый қыртысы мен жұлынның мотонейрандарымен байланысы бұзылғанда, тыныс қалай өзгереді
1 – есеп Қан Ж
14 жастағы науқас К., ауруханаға әлсіздік, бас айналу, дене қызымының көтерілуі, жұтынғанда ауыру сезіміне шағымданып түсті. Ауру тарихынан науқас уытқорлықпен ауыратындығы, соңғы үш айда бензолдың буымен дем алғандығы анықталды. Терісінің бозарғаны, ұсақ нүктелі және дақтыкөптеген қанқұйылулар, ауызы мен көмейінде некроздық жаралар бар екенддгі көңіл аудартады, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Қан сараптамасы:
гемоглобин – 60 г/л; эритроциттер – 2,7х1012/л; ретикулоцит – 0%;тромбоцит - 28 х109 лейкоцит -1,5 х109/л; нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролылар - 0%; бөлшектенген ядролылар-15%; эозинофил -0%; базофил – 0%; лимфоцит – 82%; моноцит – 3%; ЭТЖ- 45мм/сағ.
Эритроцит, ретикулоцит, Нв, тромбоциттер өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз
Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз
Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз
Клиникалық көріністерінің патогенез түсіндіріңіз
2 – есеп Қан Ж
38 жастағы науқас Д., ауруханаға әлсіздік, қатты шаршағыштық, шашының түсуі, тырнақтарының сынғыштығы және қабыршықтанғаны, дәм сезгіштігінің бұрмалануы, көктем мен күзде күшейетін, ашқарында эпигастр аймағындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Қан сараптамасы:
гемоглобин – 70 г/л ; эритроцит – 3,5 х 1012/л; түстік көрсеткіш– 0,6 ретикулоцит – 0,1%; тромбоцит - 385 х109/л; лейкоцит - 4,0 х109/лнейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролы -2%; бөлшектенген ядролы- 65%эозинофил -3%; базофил – 0%; лимфоцит – 26%; моноцит – 4%
Қан жағындысы: микроциттер, анулоциттер. Сүйек кемігінде сидеробластар саны азайған.
1 Эритроцит, ретикулоцит, Нв, ТК, тромбоциттер, қан жағындысындағы өзгерістерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
2 Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен тромбоцит өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз
3 Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз
4 Клиникалық көріністерінің патогенез түсіндіріңіз
5 Коммуникациялық дағды
3 - есеп Қан Ж
2 жастағы бала Б., ауруханаға анемия диагнозы жолдамасымен келіп түсті. Ауру тарихынан баланың шала туылғандығы, жиі суық тиіп ауырғандығы белгілі болды. Балада тәбетінің төмендегені, терісінің құрғағандығы, тырнағының сынғыштығы, шашының түсетіндігі, ауыздық шыққандығы көрінеді. Қан талданымы:
гемоглобин – 60 г/л; эритроциттер – 3,0 х 1012/л; түстік көрсеткіш – 0,6
ретикулоциттер – 0,25%; тромбоциттер - 170 х109/л; лейкоциттер - 4,4 х109/л
нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқша ядролылар -2%;сегментоядролылар– 48%
эозинофилдер -3%; базофилдер – 0%; лимфоциттер – 39%; моноциттер – 7%
ЭШЖ 22 мм/сағ; сидеропения
Қан жағындысында: анизоцитоз, пойкилоцитоз, микроциттер
1 Эритроцит, ретикулоцит, Нв, ТК, тромбоциттер өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз
2 Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ, тромбоцит өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз
3 Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз
4 Клиникалық көріністерінің патогенез түсіндіріңіз
4- есеп Қан Ж
22 жастағы науқас М. , ауруханаға әлсіздік, шаршағыштық, бас айналу, жүрек қағысы, тыныштықтағы ентігу, денесінде қанқұйылу ошақтарының пайда болғандығына шағымданып түсті. Қарап тексергенде терісінің бозғылттығы, бетінің ісіңкілігі, көптеген ұсақ нүктелі және дақты қанқұйылулар анықталды бауыры, көкбауыры, лимфа түйіндері ұлғаймаған.
Қан талданымы:гемоглобин – 50 г/л ; эритроциттер – 1,5 х 1012/л; түстік көрсеткіш – 1,0 ретикулоциттер – 0%; тромбоциттер - 26 х109/л; лейкоциттер - 1,4 х109/л
нейтрофилдер: метамиелоциттер - 0%; таяқша ядролы -1%;сегментоядролылар- 17%
эозинофилдер -3%; базофилдер – 0%; лимфоциттер – 79%; моноциттер – 3%
ЭШЖ - 41 мм/сағ. Қанда темір мен билирубиннің мөлшері қалыпты.
Қан жағындысында: эритроциттердің анизоцитозыжәне пойкилоцитозы, нейтрофилдердің улы түйіршіктенуі. Сүйек кемігінтексергенде гемобластоз белгілері анықталған жоқ.
1 Эритроцит, ретикулоцит, Нв, ТК, қан жағындысы өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз
2 Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ, тромбоцит өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз
3 Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз
4 Клиникалық көріністерінің патогенез түсіндіріңіз
5 - есеп Қан Ж
Науқас В., 32 жаста, ауруханаға қатты әлсіздік, денесінің қалтырауымен қабаттасқан қызымының көтерілуі, белінің ауыруы, тыныштықтағы ентігу, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, жүрек қағысына шағымданып түсті. Қарап тексергенде терісі мен көзінің ақ қабығының сарғыштанғаны, сипағанда көкбауырының ұлғайғаны мен ауыратындығы анықталды.
Қан талданымы:гемоглобин – 40 г/л ; эритроциттер – 1,5 х 1012/л; түстік көрсеткіш – 0,8 ретикулоциттер – 28%; тромбоциттер - 180 х109/л; лейкоциттер – 14,5 х109/л
нейтрофилдер: метамиелоциттер -2%; таяқша ядролы -11%; сегментоядролылар -58% эозинофилдер - 4%; базофилдер – 1%; лимфоциттер – 17%; моноциттер – 3%
ЭТЖ - 40 мм/сағ
Қан жағындысында: эритроциттердің анизоцитозы және пойкилоцитозы, полихроматофилия, нормобластар.
Қанда тура емес (бос, коньюгацияланбаған) билирубиннің мөлшері артпаған. Эритроциттердің осмостық төзімділігі төмендеген.
1 Эритроцит, ретикулоцит, Нв, ТК, қан жағындысы өзге рістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз
2 Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ, тромбоцит өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз
3 Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз
4 Қанда билирубин көбеюінің клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз
6 - есеп Қан Ж
Науқас Н., 35 жаста, ауруханаға әлсіздікке, қатты шаршағыштыққа, физикалық жүктеме кезінде жүрегінің қағатындығына шағымданып келді. Ауру тарихынан оның жас кезінен әлсіздік пен қатты шаршағыштық байқалған. Науқастың әкесі мен баласы анемиямен ауырады.
Қан талданымы:гемоглобин – 70 г/л; эритроциттер – 3,5 х 1012/л; түстік көрсеткіш – 0,6
ретикулоциттер – 0,4%; тромбоциттер - 295 х109/л; лейкоциттер – 3,9 х109/л
нейтрофилдер: метамиелоциттер - 0%; таяқша ядролылар - 4%; сегментоядролылар -44%эозинофилдер -1%; базофилдер – 0%; лимфоциттер – 46%; моноциттер – 5%.
ЭШЖ - 30 мм/сағ
Қан жағындысында: эритроциттердің анизоцитозы және пойкилоцитозы, гипохромды эритроциттер.
Сүйек кемігінде сидеробластар мөлшері жоғарылаған. Қан сары суының темір байланыстыратын қабілеті төмендеген. Қанда билирубин мөлшері қалыпты.
1 Эритроцит, ретикулоцит, Нв, ТК, қан жағындысы өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз
2 Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ, тромбоцит өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз
3 Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз
4 Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз
7 - есеп Қан Ж
Науқас Р., 56 жаста невмония диагнозымен жолданды. Ауру тарихында жиі суық тиіп ауырғаны, соңғы жылы екі қайтара пневмониямен ауырып, амбулаториялық емделді. Қарап тексергенде мойын және қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, эластикалы, жұмсақ, сипағанда ауырмайды. Бауыры мен көкбауыры аздап ұлғайған. Қан анализі:Гемоглобин – 120 г/л; Эритроцит – 4,0х1012/л; Ретикулоцит – 0,2%;
Тромбоцит - 150 х109/л; Лейкоцит -55 х109/лНейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяшаядролы -1%; сегментядролы-16%Эозинофил -0%; Базофил – 0%; Пролимфоцит – 5%; Лимфоцит – 76%Моноцит – 2%ЭТЖ -25мм/сағ
Қан жағындысында көп мөлшерде Боткин-Гумпрехт денешіктері
1 Эритроцит, ретикулоцит, Нв, тромбоциттер, қан жағындысы өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз
2 Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ, өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз
3 Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз
4 Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз
8 - есеп Қан Ж
Науқас Е., 35 жаста, ауруханаға аяқтарының ауырғанына, ішінің аздап ауыратынына, құрғақ жөтелге шағымданып түсті. Қарап тексергенде ұсақ нүктелі, дақты көптеген геморрагиялар анықталды. Лимфа түйіндері, бауыры, көкбауыры ұлғайған.
Қан анализі:Гемоглобин – 90 г/л; Эритроцит – 3,0х1012/л; Ретикулоцит – 0,2%;
Тромбоцит - 30 х109/л; Лейкоцит -17 х109/лНейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролы -1%; сегментядролы-16%Эозинофил -0%; Базофил – 0%; Бласты жасушалар – 56%Лимфоцит – 23%; Моноцит – 2%
Пероксидаза мен липидтерге реакция теріс. Шик реакция оң (гликоген бөлек түйіршіктер түрінде)
1 Эритроцит, ретикулоцит, Нв, тромбоциттер өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз
2 Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ, тромбоцит өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз
3 Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз
4 Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз
9 – есеп Қан Ж
Науқас М., 55 жаста, ауруханаға үдемелі әлсіздікке, жүрек қағуына, физикалық жұмыс жасағанда ентікке, тәбеттің төмендеуіне, тіліндегі күйдіру сезімі мен ауыру сезіміне, аяқ-қолдарының жансыздануына шағымданып келді.
Қан талданымы: Гемоглобин – 60 г/л; Эритроцит – 1,5х1012/л; Ретикулоцит – 0,2%; Тромбоцит - 90 х109/л; Лейкоцит -3,4 х109/л; Нейтрофил: метамиелоцит -0%; таяқшаядролы -1%; Сегментоядролы –62%; Эозинофил -0%; Базофил – 0%; Лимфоцит – 35%; Моноцит – 2% ЭТЖ 29мм/сағ;
Қанда тура емес билирубин көбейген.
Қан жағындысында: айқын (макроцитоз), пойкилоцитоз, мегалоцит, мегалобласт, базофильді нүктеленген эритроцит және басқа дерттік қосымша, гиперсегменттелген нейтрофилдер, ретикулоцит-0,4%.
1 Эритроцит, ретикулоцит, Нв, тромбоциттер өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз
2 Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ, тромбоцит өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз
3 Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз
4 Клиникалық көріністерінің патогенез түсіндіріңіз
10 - есеп Қан Ж
Науқас Л., ауруханаға әлсіздікке, тершеңдікке, жүрек қағуына, ішінің сол бөлігіндегі ауыру сезіміне, ентікке, дене температурасының 37,5 0С көтерілуіне, сүйектердегі ауыру сезіміне, қанағыштыққа шағымданып келді.
Қан талданымы: Гемоглобин – 70 г/л; Эритроцит – 3,0х1012/л; Ретикулоцит – 0,3%; Тромбоцит - 80 х109/л; Лейкоцит - 450 х109/л; Миелобласт – 4%; Промиелоцит – 7%; Нейтрофил: миелоцит -17%; метамиелоцит -24%%; таяқшаядролы -19%; сегментоядролы – 13%
Эозинофил -8%; Базофил – 7%; Лимфоцит – 1%; Моноцит – 0%
Қызыл сүйек кемігінің миелоидты гиперплазиясы
1 Эритроцит, ретикулоцит, Нв, тромбоциттер өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз
2 Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен қан жағындысындағы өзгеріске патофизиологиялық сараптама беріңіз
3 Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз
4 Клиникалық көріністерінің патогенез түсіндіріңіз
11 – есеп Қан Ж
Науқас М., 17 жаста, ауруханаға жалпы әлсіздікке, дене температурасының қалтырауымен көтерілуіне, жұтынғанда көмейіндегі ауыру сезіміне, шағымданып түсті. Қарап тексергенде көмейі қызарған, ісінген бездерде іріңдеген фолликулалардың тарытәрізді нүктелер көрінеді.
Қан талданымы: Гемоглобин - 130 г/л; Эритроцит – 4,0 х10 12 /л; Ретикулоцит – 0,7%
Лейкоцит - 16 х109/л; эозинофил - 2%; базофил - 0%;нейтрофил: миелоцит - 0%; метамиелоцит - 8%; таяқшаядролы - 10%сегментоядролы- 66%; лимфоцит - 11%; моноцит - 3%; ЭТЖ 24 мм/час
1 Эритроцит, ретикулоцит, Нв, өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз
2 Лейкоциттік өрнектегі өзгерістерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
3 Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз
4 Клиникалық көріністерінің патогенез түсіндіріңіз
12 - есеп Қан Ж
Науқас М., 20 жаста, дәрігерге мұрнынан көпмөлшерде сутәрізді бөліністермен қабаттасатын түшкіруге, қабағының қышуына, көзден жас ағуына, көзіндегі тесіп ауыруға шағымданып келді. Осындай жағдай соңғы 3 жыл бойы мамыр айынан маусым айының соңына дейін байқалған. Подобное состояние наблюдается в течение последних трех лет с начала мая до конца июня.
Қан талданымы: Гемоглобин - 120 г/л; Эритроцит – 4,0 х10 12 /л; Ретикулоцит – 1%; Тромбоцит – 260 х 109/л; Лейкоцит - 10 х109/л; эозинофил - 13%; базофил - 0%;
нейтрофил: миелоцит - 0%; метамиелоцит - 0%; таяқшаядролы- 4%;
сегментоядролы - 56%; лимфоцит - 23%; моноцит - 4%; ЭТЖ 20 мм/сағ
1 Эритроцит, ретикулоцит, Нв, өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз
2 Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз
3 Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз
4 Клиникалық көріністерінің патогенез түсіндіріңіз
13 - есеп Қан Ж
Науқас Г., 25 жаста, ауруханаға дене температурасының көтерілуінеа, жұтынғанда тамағындағы ауыру ссезіміне шағымдана келді. Соңғы кездері басы ауырғандықтан анальгин ішкен. Тамағын қарап тексергенде бездері қызарған, ақшыл-сұр өлген тіндермен қапталған. Оң жақ безінде шеті тегіс емес жаралар көрінеді. Мойынның лимфа түйіндері ұлғайған.
Қан талданымы: Гемоглобин - 120 г/л; Эритроцит – 3,7 х10 12 /л; Ретикулоцит – 0,2%;
Тромбоцит – 180 х 109/л; Лейкоцит - 1,2 х109/л; эозинофил - 0%; базофил - 0%
нейтрофил: миелоцит - 0%; метамиелоцит - 0%; таяқша ядролы - 0%
сегментоядролы - 17%; лимфоцит - 68%; моноцит - 15%; ЭТЖ 35 мм/сағ
1 Эритроцит, ретикулоцит, Нв, тромбоциттер өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз
2 Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ, өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз
3 Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз
4 Клиникалық көріністерінің патогенез түсіндіріңіз
14- есеп Қан Ж
Науқас Б., 27 жаста, ауруханаға әлсіздікке, ентікке, құрғақ жөтелге шағымданып түсті. Қарап тексергенде: жаралы стоматит, клиникаға белгісіз өтетін пневмония. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Қан талданымы: Гемоглобин - 80 г/л; Эритроцит – 2,5 х10 12 /л; Ретикулоцит – 0,1%; Тромбоцит – 60 х 109/л Лейкоцит - 1,2 х109/л; эозинофил - 0%; базофил - 0%; нейтрофил: миелоцит - 0%; метамиелоцит - 0%; таяқшаядролы - 2%; сегментоядролы - 21%; лимфоцит - 73%; моноцит - 6 %; ЭТЖ - 28 мм/сағ
Қан жағындысы: Анизоцитоз, пойкилоцитоз, ядросы бүріскен және цитоплазмасы улы түйіршікті нейтрофилдер. Қызыл сүйек кемігінде лимфоидты гиперплазия белгісі жоқ.
1 Эритроцит, ретикулоцит, Нв, тромбоциттер өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз
2 Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ, тромбоцит өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз
3 Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз
4 Клиникалық көріністерінің патогенез түсіндіріңіз
15- есеп Қан Ж
Науқас П., 9 жаста. Балалық шағынан қанағыштықпен ауырады: емшектегі жасында құлаған соң арқасында ауқымды қанқұйылу болған, сосын мұрынынан қан кету және бөксесіне қанқұйылулар байқалған. Үш жасында тілінің тістелген жерінен ұзақ қатты қан кеткендіктен ауруханаға жатқызылып, қан құйылды. 4 жасынан тізе және өкше буындарына қайталанған қанқұйылулар байқалады. Буындары ісінген, деформацияланған. Гемофилияға күмән бар. Зертханалық тексерулер: қанның ұю уақыты мен әсерленген үлесті тромбопластиндік уақыт бірден ұзарған, қан ұюының тромбиндік және протромбиндік уақыты қалыпты. Қан сары суында ІХ жайт - 1%
1 Науқаста қандай ауру бар деп ойлайсыз? Жауапты негіздеңіз
2 Аурудың этиологиясы мен патогенезін келтіріңіз. Қан ұю схемасын құрастырыңыз
3 Коагулограмма өзгерістерінің патогенезін көрсетіңіз
4 Патогенездік емдеу тәсілдерін ұсыныңыз
№ 16 есеп. Қан Ж
Науқас В., 17 жаста, етеккірінің ауыр постгеморрагиялық анемия дамытып, қатты құйылмалы түрде өтетіндігіне; ерте балалық жасынан көгерулер пайда болғандығына, жылына 3-4 рет мұрынынан қан кететіндігіне шағымданады. 8 жасында құлағаннан кейін кеуде қуысында ауқымды гематома пайда болғандығын байқады. Атасы қан кетумен ауырды, 40 жасында асқазанынан қан кетуден қайтыс болды. Әкесінде мұрынынан қан кетулер болады.
Зертханалық тексерулер:
Қан ағу уақыты ұзарған, тромбоциттер мөлшері, олардың көлемі және құрылымы қалыпты, әйнекке жабысуы бірден төмендеген.
Протромбиндік және тромбиндік уақыт қалыпты, әсерленген үлестік тромбопластиндік уақыт ұзарған. Виллебранд жайты – 3 %, VIII жайттың белсенділігі – 5%
1 Науқаста қандай ауру бар деп ойлайсыз? Жауапты негіздеңіз
2 Аурудың этиологиясы мен патогенезін келтіріңіз. Қан ұю схемасын құрастырыңыз
3 Коагулограмма өзгерістерінің патогенезін көрсетіңіз
4 Патогенездік емдеу тәсілдерін ұсыныңыз
№ 17 есеп. Қан Ж
Науқас К. 27 жаста, денесінің қызымы көтерілуімен суықтағынына байланысты өзін-өзі емдеу шараларын қолданды, 3 күн бойы үлкен дозада аспирин қабылдаған. Ем қабылдаған кезінде мұрнынан және тістің қызыл иегінен қан кетулер пайда болды, аяғының терісінде майда нүктелі петихиальді бөртпелер анықталды. Тромбоциттер саны – 200х109/л, қан ағу уақыты 5 минут, қан ұю уақыты 8 минут. Протромбиндік пен тромбиндік уақыт және әсерленген үлестік тромбопластиндік уақыт қалыпты жағдайда.
1 Гемостаздың қандай бұзылы туралы ойлауға болады?
2 Науқастағы гемостаз бұзылысынң этиологиясымен патогенезін көрсетіңіз. Тағыда қандай себептер гемостаздың бұзылыстарын тудыра алады.
3 Коагулограмма өзгерістерінің патогенезін көрсетіңіз
4 Гемостазда тромбоциттер қандай роль атқарады ?
№ 18 есеп. Қан Ж
25 жасар науқаста көгерулер мен мұрнынан және етіккірлік қан кетулер байқалған. Көкбауыры ұлғаймаған. Тромбоциттер саны – 18х109/л, қан кету уақыты 18 минут, қан ұю ауқыты 10 минут. Протромбиндік пен тромбиндік уақыт және әсерленген үлестік тромбопластиндік уақыт қалыпты жағдайдың жоғарғы шегінде. Сүйек кемігінде мегакариоциттердің саны көбейген. Тромбоциттер саны преднизолон қабылдаған соң қалыпты жағдайға келді, бірақ оны қабылдауды тоқтатқаннан соң тромбоциттер саны қайтадан төмендеді.
1 Гемостаздың қандай бұзылы туралы ойлауға болады?
2 Науқастағы гемостаз бұзылысынң этиологиясымен патогенезін көрсетіңіз. Тағыда қандай себептер гемостаздың бұзылыстарын тудыра алады.
3 Коагулограмма өзгерістерінің патогенезін көрсетіңіз
4 Гемостазда тромбоциттер қандай роль атқарады ?
№ 19 есеп. Қан Ж
Ауқымды ішкі отаудан кейін науқасқа 450 мл консервацияланған қан құйылды. Аз уақыттан соң дене қызуы көтеріліп, ентігу және кеуде қуысымен бел аймағында ауру сезімі пайда болды. АҚ 80/40 мм с.б., пульсі минутына 120 рет, зәрінің түсі қызылдау. Денесінде ауқымды гематомалар пайда болды отаудан кейінгі жарақаттан қан кетті. Тромбоциттер – 30х109/л, протромбиндік пен тромбиндік уақыт және әсерленген үлестік тромбопластиндік уақыт ұзарған. Қан ұю уақыты 17 минут. Қанда еріген фибринмономерлі кешен (ЕФМК), D-димерлері анықталады
1 Гемостаздың қандай бұзылы туралы ойлауға болады?
2 Науқастағы гемостаз бұзылысынң этиологиясымен патогенезін көрсетіңіз. Тағыда қандай себептер гемостаздың бұзылыстарын тудыра алады.
3 Коагулограмма өзгерістерінің патогенезін көрсетіңіз
4 Бақыланған симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз
№ 1 есеп. АсҚ
32 жастағы ер адам, дәрігерге мынадай шағыммен келді: 4 жыл бұрын пайда болған жұтудың қиындауы. Ол қатты тағамды жұтқаннан кейін 2-3 сек. соң төстің жоғары жағында қысу сезімінің пайда болуын айтады. Алғашқыда бұл сезімдер сирек болатын, бірақ соңғы жылы олар тұрақты және әрбір тағам қабылдаған кезде пайда бола бастады. Сұрау барысында анықталғандай, жылдан аса науқасты кеудеде «бүлкілдеу» және оянғаннан кейін жөтел мазалайды. Бұл бұзылыстар ол су ішкеннен соң азаяды. Науқас тағам ішкен кезде тұншығу сезімі немесе шаршау сезімінің, мұрын және ауыз арқылы кері лықсудың, тамағы ауыруының, қыжылдың, дене массасы төмендеуінің, қарын-ішектік қан кетудің болмайтынын айтады. Науқастың сөзі бойынша: бұлшықеттердің жоғары ауырсынғыштығы, қыжыл жоқ, онда да, оның туыстарында да жүйелік коллагеноздар болмаған. Айғақты тексерудің, сонымен қатар, зертханалық тексерулерге кіретін қанның жалпы талданымының деректері, ЭТЖ, қанттың, креатининнің, бауыр және қан ферменттерінің, деңгейі қалыпты мөлшерде.
Жұтудың бұзылуы неге байланысты: жұтқыншаққа немесе өңеш қызметінің бұзылуына ма? Жауабыңызды негіздеңіз.
Берілген тексерістердің нәтижелеріне патофизиологиялық сараптама жасаңыз.
Қандай ауру туралы ойлауға болады?
Осы науқастағы жұту бұзылуының патогенезін түсіндіріңіз.
№ 2– есеп. АсҚ
52 жастағы науқас соңғы кездері эпигастр аймағының сол жағы сыздап ауратынын және осы ауыру сезімі төстің төменгі бөлігі мен көкірегінің сол жағына берілетінін байқаған. «Ауыру сезімі стенокардиямен байланысты шығар»- деп ойлап валидол қабылдаған, брақ ауыру сезімі басылмадыі. Ауыру сезімі тамақтан кейін жарты – бір сағаттан соң пайда болатындығына, ащы қышқыл сезім мен, іш кебуінің болатындығына көңіл бөлді. Нәжісі – тұрақты емес, көбіне іші өтеді. Ұйқысы нашар, жұмысқа қабілеті төмендеген, тез шаршайды, ашуланғыш, көңіл-күйі төмен, кейде тұнжыраулық жағдай да болады.
Қарап тексергенде: дене құрылымы қалыпты, нормостениялық, тері асты шел қабаты қалыптағыдай. Тілі өңізделген, бүрлері тегістеле бастаған. Аузынан жағымсыз иіс шығады, эпигастр аймағын сипап тексергенде орталық сызықтың сол жағында ауыру сезімі анықталды. АҚ -140/80 мм с.б., ЖСЖ - 70, тыныс жиілігі - 16, Нв - 115 г/л, Л - 8 х109/л. Зәр мен нәжіс анализі қалыптыдан ауытқымаған. Негізгі және түрткілік секреция тым азайған. Асқазан сөлінде уреаза анықталған. Асқазан сөлінің потеолиздік белсенділігі жоғары. Асқазан сөлінде фруктоза мен N-ацетилнейрамин қышқылының мөлшері төмендеген. Рентгенологиялық суретте асқазанның кардиалды бөлігінің жоғары бөлігінде «ойық» симптомы анықталады.
Бұл жағдайда қандай ауру туралы ойлауға болады?
Осы аурудың этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.
Клиника- зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Этиологиялық және патогенездік ем ұстанымына тұжырым жасаңыз.
№ 3 есеп. АсҚ
55 жастағы ер кісіде 4 ай бұрын кемпингтегі демалыс кезінде нәжісі тәулігіне 2-3 ретке дейін жиіледі. Диарея бірнеше ай бойы үдеп, сұйықталып, тәулігіне 4-6 ретке жетті. Ол сұйықтық қабылдауды шектеп, іш қатыратын дәрі ішіп, өздігінен емделгенмен көмектеспеді. Диарея үдей берді, аяқ-қолы әлсіреп, дене массасы азайды. Науқаста жүрек айну, құсу, қара нәжіс (мелена) болмады. Бұған дейін колиттен немесе диареядан азап шеккен емес. Жаз бойы ол бір-ақ рет синуситтен ампициллинмен емделді, бірақ соңғы кездері ешқандай дәрі қабылдамады. Науқас ауруханаға жіберілді.
Тексергенде айқын гиповолемия, гипотензия анықталды. Дене қызымы 370С, тамыр соғуы минөтіне 110 рет, тынысы минөтіне 20 рет, АҚ 85/45 мм с.б. Ауыз қуысының шырышты қабығы қүрғақ, бауыры ұлғайған. Зертханалық деректер: гемоглобин 190 г/л, гематокрит -55%, лейкоциттер – 11 х 109/л, лейкоциттік өрнек қалыптыдан ауытқымаған, Na+ -135 ммоль/л,
К+ НCО3- -8 ммоль/л, зәрнәсіл -15,7 ммоль/л, креатинин – 0,17 ммоль/л, қант – 8,21 ммоль/л, кальций – 3,55 ммоль/л, нәруыз – 84 г/л, АЛТ мен АСТ белсенділігі жоғарылаған, жалпы билирубин – 12 мкмоль/л.
Нәжістің көлемі – тәулігіне 6л, лейкоциттер, қарапайымды жәндіктер жоқ, құрттар жұмыртқасы анықталмады. Рентгенографиялық тексеруде дерт анықталмады. Эзофагогастродуоденоскопия да асқазанның антралды бөлімінде эритема анықталды, ойық жара жоқ. Гастрин деңгейі 124 пг/мл.
Бұл жағдайда қандай ауру туралы ойлауға болады?
Осы аурудың этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.
Клиника- зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Патогенездік ем ұстанымдарына тұжырым жасаңыз
№ 4 есеп. АсҚ
46 жастағы науқас В. аңғарымы «ұйқы безінің обыр деген күдікпен» ауруханаға түсті. дене массасы 59 кг, бойы 179 см; соңғы жылы 14 кг арықтады. Үлкен дәретке тәулігіне 3–4 рет барады, мөлшері көп. Іші кебеді. Тілі өңезденген, тәбеті айтарлықтай төмендеген. Іші ауырмайды, дене температурасы қалыпты.
Ауру тарихынан: науқас әлкоголді 15–20 жыл бойы көптеп ішеді; 10 жыл бұрын кезекті әлкоголдік ұстамсыздықтан жедел панкреатитті бастан кешті (ауруханаға түсті); кейінірек тағыда 2–3 рет ішінде қатты ауыру сезімдері қайталанды, бірақ дәрігерге қаралмады, емделмеді, емдәмді сақтамады, әлкогол ішуді жалғастыра берді.
Клиникада жүргізілген талдамаларда: гипергликемия 20,6 ммоль/л (371 мг%), глюкозурия 4% (тәуліктік диурез 3–4 л болғанына қарамай), айқын стеаторея, ал ұлтабарға түрткілік сынаманы өткізгенде, яғни   көктамырға секретин және панкреозиминді енгізуді қолдана отырып, сүңгімен зерттеген кезде, трипсиннің барынша белсенділік көрсеткіші, қалыптымен салыстырғанда 5 рет төмендеді.
Ұйқы безінің УДЗ және компьютерлік томографиясының нәтижелері: бездің таралған тығыздалуы және құрылымының әркелкілігі, онда кальцификаттардың болуы.
Бұл жағдайда қандай ауру туралы ойлауға болады?
Осы аурудың этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.
Клиника- зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Патогенездік ем ұстанымдарына тұжырым жасаңыз
№ 5 есеп. АсҚ
56 жастағы науқас дене массасын жоғалтқанға (8 айда14кг ), қойыртпақты үлкен дәретке шағымданады. Тексеру мезетінде ішінде ауыру сезімі жоқ, бірақ ауыру тарихынан белгілі болғаны: осыдан екі ай бұрын науқас іші ауырғанын, оның жотасына таралғанын атап көрсетеді. Осындай ауыру сезімі, шамамен жеті күнге созылатынын, соңғы бес жылда жүйелі түрде, жылына екі рет болатынын айтады. Үлкен дәреті, әдетте, қойыртпақты, кейде майлы. Ауыру сезімі кезінде науқаста қан кету, қызба және қалтырау болмаған. Науқастың тәбеті жақсы, емдәм ұстамайды. Бірнеше жыл бұрын қантқа төзімділіктің бұзылуы анықталған. Дәріні тұрақты қабылдамайды. Үйленген, меншік фирмасында жұмыс істейді, соңғы 20 жылда күніне бір қорап сигарет шегеді. Тамақ ішкенде күн сайын бір стақан шарап және демалыс күндері 200 мл виски, 6 банкі сыра ішеді. Айғақтар: науқас біршама арықтау, самай аймағында майдың және бұлшықет көлемінің азаюы байқалады, шеткері лимфа түйіндері үлкеймеген. Жүрек және өкпені тексеруде өзгерістер анықталмады. Қолмен сипағанда іші жұмсақ, кебімеген. Бауыры аздап үлкейген, шеті тегіс. Көкбауыр қол ұшымен білінбейді. Тікішектік тексеруде дерт анықталмады. Нәжістің қанға жасырын сынамасы теріс.
Зертханалық зерттеулер деректері:
Электролиттер қалыпты, қант деңгейі – 7 ммоль/л, АСТ – 800 ХБ/л, АЛТ – 600 ХБ/л (қалыпты жағдайда 400 ХБ/л); билирубин қалыпты; амилаза және липаза мөлшері жоғарылаған, альбуминдер – 30 г/л, Нв – 130 г/л, эритроциттер көлемі ұлғайған, тромбоциттер 135х109/л
Науқас тәулігіне 100 г май қабылдаған кезде 600 г нәжіс шығарады, онда 15 г май бар (қалыпты жағдайда май 7% аз бөлінеді).
Іш қуысының рентгенограммасында ұйқыбезінде кальцификаттар анықталмады. УДЗ кезінде бауырда жаңғырықтық жайылмалы өзгерістер айқындалды, бұл майлық дистрофияның дамуын дәлелдейді. Кері бағыттық холецистопанкреатография кезінде обыр және тас болуы анықталмады. Ұйқы бездің өзектері өзгерген: кеңею және тарылудың кезектесуі байқалды («моншақ» әйгіленімі)
Бұл жағдайда қандай ауру туралы ойлауға болады?
Осы аурудың этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.
Клиника- зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Патогенездік ем ұстанымдарына тұжырым жасаңыз
№ 6 есеп АсҚ
Науқаста көз ағының, шырышты қабаттардың, терінің сарғайғандығы анықталды. ҚҚ 95/65 мм с.б., ЖСЖ 98 рет мин. Қан анализі: эритроциттер – 2,5 х 1012/л, гемоглобин -80 г/л, ретикулоциттер -5%. Қан плазмасында: тура емес билирубин – 28,3 мкмоль/л, уробилиногенемия, жалпы белок 71 г/л, қант - 4,8 ммоль/л, қалдық азот -18 ммоль/л, АСТ- 0,4 ммоль/ ч ˙л., Алт – 0,31 ммоль/ ч ˙л, сілтілік фосфатаза - 0,36 мколь/л. Зәрі қоңыр түсті, уробилиноген реакциясы - оң. Нәжісі гиперхолиялық. Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз. Олардың патогенезін түсіндіріңіз.
Сарғаюдың түрін анықтаңыз.
Осы сарғаюдың этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.
Клиника- зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Патогенездік ем ұстанымдарына тұжырым жасаңыз
№ 7есеп. АсҚ
Науқас оң жақ қабырғалықтағы ауыру сезіміне, тері мен көз ағының сарғаюына, қышынуға шағымданды. ҚҚ 90/60 мм с.б., ЖСЖ 60 рет минутына, тура билирубин – 20мкмоль/л, жалпы нәруыз 65 г/л, холестерин -10,5 ммоль/л, қалдық азот -20 ммоль/л, АСТ - 0,6 ммоль/ ч ˙л., Алт – 0,8 ммоль/ ч ˙л, сілтілік фосфатаза - 0,5мколь/л. Зәрі қоңыр түсті, уробилиноген реакциясы - теріс. Нәжісі түссіз, стеркобилиноген реакциясы - теріс. Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз. Олардың патогенезін түсіндіріңіз.
Сарғаюдың түрін анықтаңыз.
Осы сарғаюдың этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.
Клиника- зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Патогенездік ем ұстанымдарына тұжырым жасаңыз
№ 8 Есеп. АсҚ
Науқас, 31 жаста, клиникаға «Жедел жәрдем» көлігімен әкелінген. Түскен кезде: енжар, тежелісте, селқос, сұрақтарға жауабы кідірісте, бірден емес және сәйкессіз. Тілі өңезделген. Дене қызымы 36,5 °С. Тері және шырышты қабықтар сарғыштанған, денесінің жоғарғы бөлігіндегі терісінде телеангиэктазиялар бар, алақанында қызару (эритема) байқалады.
Іші шемендік сұйық жиналғандықтан үлкейген, бұл бауырды қол ұшымен тексеруді қиындатады. Аяқтарының ісінуі байқалады. жүректің сол қарыншасының көлемі аздап ұлғайған. АҚ 160/95 мм с .б., ЖСЖ 90, тамыр соғу ырғағы қалыпты.
Қанның зертханалық зерттеунің нәтижелері:
Қанның жалпы талданымы:
Нb 108 г/л; эритроциттер 4,0´1012/л, лейкоциттер 4,8´109/л; ЭТЖ 35 мм сағ
Қанның биохимиялық зерттелуі:
Жалпы билирубин 50 мкмоль; қант 5 ммоль/л; КД (кетондық денелер) қалыптыдан жоғары
Зәрнәсілдің мөлшері азайған; протромбиндік индекс төмендеген;
холинэстеразаның белсенділігі төмендеген
Австралиялық Аг табылмады.
Науқаста қандай жағдай дамыды?
Науқастағы дамыған жағдайдың патогенезін түсіндіріңіз.
Клиника нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
Зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
№ 9 есеп. АсҚ
Науқаста көз ағының, шырышты қабаттардың, терінің сарғайғандығы, қышыну әсерінен қасыну іздері анықталды. Қан плазмасында жалпы билирубин – 39 мкмоль/л, тура билирубин 17 мкмоль/л, жалпы белок – 56 г/л, альбуминдер – 25 г/л, глобулиндер – 31 г/л, протромбиндік индекс – 68%, холестерин – 3 ммоль/л, фосфолипидтер – 1,1 ммоль/л, қант – 3,1 ммоль/л, қалдық азот – 30 ммоль/л, аммиак – 55 мкмоль/л, зәрнәсіл - 2,5 ммоль/л, АСТ-0,52 ммоль/ ч ˙л., Алт – 0,68 ммоль/ ч ˙л, сілтілік фосфатаза – 0,2 мкмоль/л. зәрі қоңыр, әлсіз боялған.
Сарғаюдың түрін анықтаңыз.
Осы сарғаюдың этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.
Клиника- зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Патогенездік ем ұстанымдарына тұжырым жасаңыз
№ 10 есеп. АсҚ
Науқас С, 55 жаста, ішінің кебуіне, арықтағанына, ішінің жиі өтуіне, құсуға шағымданады.
Нәжісінде бұлшықет талшықтары көп мөлшерде және май тамшылары, ал ұйқы безі сөлінде ферменттер мөлшерінің бірден азайғандығы анықталды
Қан анализінде: эритроциттер 2,5 х1012/л, Нв 100г/л лейкоциттер 3,5 х109/л, тромбоциттер 150- х109/л., қан жағындысында: мегалоциттер және гиперсегменттелген нейтрофилдер.
Бұл жағдайда қандай ауру туралы ойлауға болады?
Осы аурудың этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.
Клиника- зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Патогенездік ем ұстанымдарына тұжырым жасаңыз.
№ 11 есеп. АсҚ
Науқас К, 55 жаста, ас, әсіресе тәтті немесе сүтті тағам, қабылдағаннан кейін 20-30 минуттан соң жүрек айну, ыстық сезімі, бас ауыруы, терлеудің күшеюі, жүрек соғуының жиілеуі, шаршағыштық, делсалдыты сезеді.
Ауру тарихынан 2 ай бұрын асқазанының бір бөлігі алынып тасталғаны белгілі болды.
Науқаста қандай синдром дамыды?
Осы синдромның патогенезін түсіндіріңіз
Науқаста ішектік және қабырғалық сіңірілу қалай өзгереді?
Патогенездік ем ұстанымдарына тұжырым жасаңыз
№ 12 есеп АсҚ
Науқас К., 58 жаста, клиникаға ауыр жағдайда жеткізілген: уақыт пен кеңістікті анықтай алмайды. Пирамидалық бұзылыстар анықталады (Бабинский рефлексі оң, гиперрефлексия). Бұлшықет гипертониясы, бұлшықеттердің қатайып қалуы, гипомимия, дизартрия, қозғалыс тепе-теңдігінің бұзылуы анықталды. Аузынан «бауырлық» иіс шығады. Іш шемені, аяқтары ісінген.
Ауру тарихынан: науқас К. бауыр беріштенуінен ем қабылдағандығы белгілі болды.
Биохимиялық зерттеулер: Қандағы қант - 2,8 ммоль/л, жалпы нәруыз - 30 г/л; альбумин - 10 г/л; фибриноген - 1 г/л, жалпы билирубин - 100 мкмоль/л; тура емес - 50 мкмоль/л; тура - 50 мкмоль/л; холестерин - 1,2 ммоль/л.
Қанның жалпы талданымы: эритроцит - 2,1 х 1012/л, гемоглобин - 100 г/л, ТК - 0,79, ЭТЖ- 22 мм/сағ, тромбоцит - 18 х 109/л, лейкоцит - 2,0 х 109/л.
Науқастың қанында протромбин, проконвертин мөлшері төмендеген.
Қан сары суы мен несепте кетон денелерінің жоғарылағандығы анықталды.
Науқаста қандай жағдай дамыды?
Науқастағы дамыған жағдайдың патогенезін түсіндіріңіз.
Клиникалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
Зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
№ 13 есеп АсҚ
Науқас Е., 66 жаста, ашық түсті қанмен қабаттасатын құсуға, одан сирегірек «қою кофе тәрізді» құсуға, жалпы әлсіздіккке, терісінің қышуына шағымданады. Нәжісінің қара түсті болып шығатынын байқаған.
Қарап тексергенде: науқас азған, терісі сары түсті, босаңсыған, құрғақ, қасығандағы тырнақтың іздері, геморрагиялар бар. Ішінің көлемі ұлғайған. Іштің алдыңғы бетінде кеңейген көктамырлар («медузаның басы») көрінеді.
Перкуссиямен тексергенде іш қуысында бос сұйықтық анықталды. Бауыры ұлғайған, басқанда тығыз. Ұлғайған көкбауыр анықталады.
Ауру тарихынан науқас көптеген жылдар бойы жүрек жеткіліксіздігімен ауырғандықтан бауырдың беріштенуі дамығандығы анықталды.
Биохимиялық зерттеулер: жалпы нәруыз - 40 г/л; альбумин - 10 г/л; фибриноген - 0,5 г/л; жалпы билирубин - 100 мкмоль/л; тура емес - 50 мкмоль/л; тура - 50 мкмоль/л; холестерин - 1,5 ммоль/л.
Қанның жалпы талданымы: эритроцит - 2,3 х 1012/л, лейкоцит - 1,8 х IО9/л, тромбоцит - 30 х 109/л, ЭТЖ- 30 мм/сағ.
Науқаста портальді гипертензияның қай түрі дамыды?
Клиникалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
Қанның биохимиялық нәтижелеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз
Қанның жалпы талданымының өзгерістерін түсіндіріңіз.
№ 14 есеп АсҚ
Қалыпты салмақпен туылған сәби емшектегі кезінде біркелкі өсіп дамыды. Бірақ қою тамақ, бидайдан жасалған ботқа іше бастағанда сәбидің жағдайы күрт нашарлады. Баланың іші ауырып, кеуіп өтті. Нәжістің көлемі үлкен, сәл боялған, сасық иісі бар. Алты айдан кейін бала салмағын жоғалты, гипопротеинемия мен анемия дамыды. Баланың ата –анасы ауырмайды, . ал әкесінің қарындасында осындай жағдай бала кезінде болған.
Сәбиде қандай ауру дамыды, деп ойлауға болады?
Науқаста мальабсорбция синдромы бар, деп ойлауға болама?
Клиника- зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Патогенездік ем ұстанымдарына тұжырым жасаңыз
№ 15 есеп АсҚ
Жаға туылған 15 күндік нәресте С. клиникаға шырышты қабаттары мен терісінің айқын сарғаюлармен, құсулармен, тырыспа селкілдекпен түсті. Жаңатуғанның физиологиялық сарғаюы біртіндеп үдей түскені ауру тарихынан белгілі болды.
Қанның жалпы сараптамасы: Жалпы билирубин 300 мкмоль/л, тураемес – 270 мкмоль/л, тура 30 мкмоль/л, ретикулоцитоз, осмостық тұрақтылық төмендеген
Зәрі мен нәжісі қою қоңыр түсті, билирубинге әсері теріс. Стеркобилин көп мөлшерде.
Нәрестеде қандай сарғаю туралы ойлауға болады? Ніл алмасу жағдайын бағалаңыз.
Клиника- зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Тұқым қуалайтын энзимопатиялық сарғаю туралы ойлауға болама? Тұқым қуалайтын сарғаюды дәлелдеу үшін, қандай зертханалық тексерулерқажет?
Патогенездік ем ұстанымдарына тұжырым жасаңыз
№ 1 есеп ЖҚТЖ
20 сағатқа жалғасқан кеудені қысқан ауыру сезіміне шағымданған 50 жастағы науқас А., қарқынды емдеу бөліміне түсті.
Тексерген кезде: жағдайы орташа ауырлықта, беті қызарған. Өкпені тыңдағанда тынысы везикулярлы. Сырыл анықталған жоқ. Тыныс алу жиілігі минутына 16 рет, жүректің тоны әлсіреген, біркелкі, ЖСЖ минутына 80 рет. АҚ 180/100 мм.с.б. ЭКГ- ырғағы синусты, бірінші тіркелімде Q өркеші тереңдеген және ST кешені биіктеген, III тіркелімде көріністер керісінше. Қанда АСТ белсенділігі тым жоғарылаған. Лейкоциттер 12,0 х109/л. Тромбоциттер - 450,0 х 109/л. Протромбиндік индекс 120% (қалыптыда 105 %-ға дейін).
Есептегі өзгерістер дерттің қай түрінің дамығандығын көрсетеді?
Дерттің бұл түрінде қанда АСТ, КФК-МВ, тропониндер Т және I-нің жоғарылау патогенезін түсіндіріңіз
Науқаста жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі дамыған, протромбиндік индекстің жоғарылауы нені мәлімдейді.
Миокард реперфузиясының мүмкіндік салдарлары қандай?
2 - есеп ЖҚТЖ
Науқас В. 46 жаста, 1,5 сағатқа жалғасқан төсінің артындағы қатты қысқан ауыру сезіміне шағымымен, интенсивті емдеу бөліміне жатқызылды. Ауыру тарихынан: осы жағдайдың алдында бір апта бойы үздіксіз жұмыс істеген, аз ұйықтаған, көбінесе шылым шеккен, шай және кофе ішкен. Осы ауруға дейін өзін сау адаммын деп есептеген. Спортпен шұғылданған.
Қарап тексерген кезде: жалпы жағдайы ауыр, тері жабындылары бозғылт, акроцианоз. Өкпені тыңдағанда тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ, тыныс қозғалысының жиілігі минутына - 28 рет, жүрек тоны әлсіреген, ырғағы бұзылған, АҚ 100/70 мм с.б. ЭКГ —да жүрекшенің үзілісті жыпылақтаушы аритмиясы соғу жиілігімен 360 рет байқалды, оң Гисс аяқшасынан серпіннің өтуі бөгелген, I, AVL, V1–V4–кеуде тіркелімдерінде ST кешені көтерілген. Қан анализінде : лейкоциттердің 9,2 х 10 9 /л, басқа көрсеткіштері қалыпты.
Төс артындағы ауыру сезімімен қабаттасатын жағдайдың мүмкіндік себебі қандай?
Жүректің қай дерті туралы ойлауға болады? Науқаста жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды?
Диагноз қою үшін қосымша қандай зерттеулер жүргізу қажет?
Байқалған белгілердің патогенезін түсіндіріңіз.
№ 3 есеп ЖҚТЖ
15 жастағы жасөспірім М., кейде-кейде жүрек аймағында, әсіреса қысым түскінде, болатын ауыру сезіміне шағымданады,. Ангиографиямен тексергенде коронарлы артериялардың тарылуы анықталды. Тексерген кезде: саусақ буынының сіңір бұлшықеттерінің бойында тығыз сарғыш түсті көтерілімдер (сіңірлік ксантомалар) бар. Қан плазмасында ТТЛП-дің мөлшері жоғарылаған. Лимфоциттерді қосымша тексергенде, ТТЛП-ге арналған қабылдағыштардың саны төмендегені анықталды.
М-де атеросклероз және инфаркт даму қауіпі жоғары ма? Не себепті?
Липопротеидтердің түрін атаңыз, олардың метаболизмдегі рөлін көрсетіңіз. Науқаста липопротеидтердің қай түрі бар.
Тамыр дертіне байланысты науқаста жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі дамуы мүмкін?
Байқалған белгілердің патогенезін түсіндіріңіз.
№ 4 есеп ЖҚТЖ
Науқас Б., 37 жаста, балалық шақта құздамалық қызбамен ауырады. 14 жасында жүректің ақауы анықталған. Осы жылдар бойы өзінің жағдайын қанағаттанарлық деп сезінген. Көктемде баспамен ауырғаннан кейін ентігуге, жүрегінің қағуына, жүректегі ауыру сезіміне және қан түкіретіндігіне шағымданған. Тексергенде: тері және шырышты қабықтардың көгеруі, жүрек шекаралары барлық жаққа кеңейген, өкпеде ылғалды сырыл анықталды. Жүректің соғуы минутына 126 рет, ырғақсыз. АҚ 100/75 мм с.б.б. ЭКГ-да жүрекшенің жыпылықтаушы аритмиясы.
Науқас жүректің қандай ақауымен ауырады?
Науқаста жүрек ақауының түрін анықтау үшін қандай зерттеулер жүргізу қажет?
Науқаста байқалған белгілердің патогенезін түсіндіріңіз. Олардың пайда болуы нені мәлімдейді?
Науқаста жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды?
№ 5 есеп ЖҚТЖ
Емханаға тексерілуден өтуге 40 жастағы науқас себебі белгісіз артериялық гипертензиямен түсті. АҚ 175/115 мм с.б. Бұлшықеттің әлсіздігіне және басының ауру сезіміне шағымданады. Тексерген кезде полиурия, едәуір гипокалиемия, зәрде 17оксикортикостероидтің мөлшерінің жоғарылауы анықталды.
Осы науқаста АҚ-ның жоғарлауының себебі қандай?
Науқаста АГ-ның қай түрі дамыды? Оның дамуының мүмкіндік тетктері қандай?
Науқаста жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды?
Байқалған симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.
№6 есеп. ЖҚТЖ
45 жастағы науқас Т., балалық шағында құздамамен ауырған, нәтижесінде біріккен жүрек ақауы қалыптасқан. Көптеген жылдар бойы өзін жақсы сезінген. Бірақ осы жылы баспамен ауырған соң жағдайы күрт нашарлады. Науқасты ентік, жүрек қағысы, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, қан түкіру, ісінулер мазалайды.
Қарап тексергенде: Терісі мен көрінетін шырышты қабаттары көгерген. Соғып тексергенде жүрек шекаралары барлық жаққа кеңейген. Жүрек қағысы жайылған, әлсіз. Жүрек ұшында систолалық және диастолалық шу естіледі. Өкпе артериясында екінші тон күшейген, ажыраған. Пульсі минутына 96 рет, ырғақсыз. Артериялық қысым 130/85 мм с.б. өкпеден ылғалды сырылдар естіледі. Бауыры ұлғайған, пальпация кезінде ауырады. Аяқтарында айқын ісінулер. Қанда эритроцит мөлшері артқан. Айналымдағы қан көлемі артқан. Жүректің соққылық көлемі азайған.
Науқаста қанайналым жеткіліксіздігінің қандай көріністері бар?
Науқаста орналасуы мен патогенезіне қарай жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды?
Баспамен ауырған соң науқас жағдайының нашарлауы неге байланысты?
Клиника- зертханалық мәліметтерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
№ 7 есеп. ЖҚТЖ
Науқас 35 жаста, гломерулонефритпен ауыруына байланысты 15 жыл бойы бақыланған, осы жылдар бойы артериялық қысымы 170 /120мм с.б. болған.
Науқаста АГ-ның қай түрі дамыған?
Науқаста АҚ жоғарылау патогенезін түсіндіріңіз.
Науқаста дамыған артериялық гипертензияның патогенезі қандай тәжірбие жүзінде дәлелденген.
Патогенездік емдеу тәсілін ұсыныңыз.
№ 8 есеп ЖҚТЖ
Науқас 47 жаста, троллейбус жүргізушісі, басының ауыруына, бас айналуына, жүрек айнуына шағымданады. Соңғы жыл бойы артериялық қысымы 160/90 мм с.б. көтерілген.
Науқаста АГ-ның қай түрі дамыған?
АГ патогенезін анықтау үшін науқасқа қандай зерттеу жүргізу қажет?
АГ дамуында науқастың мамандығы қандай рөл атқарады? АГ тағы қандай қауіп-қатер жайыттарын білесіз.
Патогенездік емдеу тәсілін ұсыныңыз.
№ 9 есеп ЖҚТЖ
Науқас К., 34 жаста, клиникаға сан сүйегінің сынғандығынан әкелінді. Келесі куні кеудесінде бірден ауыру сезімі пайда болды. Терісі көгілдірленген. Тынысы минутына 36 рет. Жүректің соғу жиілігі минутына 120 рет. АҚ 85/60мм с.б. жүрек шекаралары қалыпты. Веналардың бірден ісінгені анықталды. Бауыры ұлғайған. Кеуде қуысының жайылмалы рентген суретінде оң өкпесінің төменгі бөлігі конус тәрізді қарайғандығы анықталды. Артериалық қандағы оксигемоглобин мөлшері 85 %, венада 30%. Шеткері қандағы эритроцит мөлшері 5,0х1012 л, лейкоцит 18х109 л. Лейкоциттік өрнек: Б-0, Э-1, Балғын-0, Т/я-16, Б/я-70, Л-8, М-5.
Науқаста орналасуына қарай жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі дамыған?
Науқастағы ЖЖ себебін көрсетіңіз.
Қан талданымы мен кеуде қуысының рентген суретіндегі өзгерістерді сараптап, патогенезін түсіндіріңіз.
Байқалған симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.
№ 10 есеп ЖҚТЖ
Науқас М., 46 жаста бақшадағы қарқынды физикалық жүктеме кезінде нитроглицирин ішкеннен кейін басылған кеуде артындағы қатты ауыру сезімі пайда болды. Бұған дейін физикалық жүктеме кезінде жүрек аймағында сыздап ауыратын ауыру сезімі болатын, бірақ тез басылатын. Кешкісін ауыру сезімі қайталанды, ентік және сұйық қақырықпен жөтел пайда болды. Қарап тексергенде: науқас орта бойлы, гиперстеник. Терімен шырышты қабаттары бозарған, көгілдірленген. Тынысы жиі, минутына 42 рет. Жүректің согу жиілігі – 120 рет, аускультацияда оң және сол өкпесінен ылғалды сырылдар естіледі. Жүректің минуттық көлемі 1,8л. Артериалық қандағы оксигемоглобин мөлшері 81 %, венада 35%. Шеткері қандағы эритроцит мөлшері 5,0х1012 л, лейкоцит 19х109 л. Лейкоциттік өрнек: Б-0, Э-1, Балғын-2, Т/я-16, Б/я-62, Л-14, М-5.
Алдын ала аңғарымын қойыңыз. Науқаста жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі дамыған?
Қорытынды диагноз қою үшін қандай қосымша зерттеулер жүргізу қажет?
Байқалған симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.
Зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
№ 11 есеп ЖҚТЖ
Науқас А., 63 жаста, аздаған физикалық жүктемеден соң ентігуге, түнде аздаған мөлшердегі түссіз сұйық қақырықты жөтелмен қабаттасқан тұншығу ұстамаларына шағымданады.
Қарап тексергенде: тері мен шырышты қабаттары көгілдіренген. Тыныс жиілігі минутына 26 рет. Жүректің соғу жиілігі минутына 95 рет. Жүректің минуттық көлемі 3,2л. Жүрек шекаралары солға жылжыған. Артериялық қысым 100/70 ммс.б. Артериялық қандағы оксигемоглобин мөлшері 80 %, венада 35%.
Науқаста жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі дамыған?
Байқалған симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз. Түнге қарай тұншығу ұстамасының пайда болуын қалай түсіндіресіз?
Гемодинамика жүйесіндегі көрсеткіштердің өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Оттегілік көрсеткіштердің өзгерістерін сипаттаңыз. Науқаста гипоксияның қай түрі дамыған?
№12 есеп ЖҚТЖ
Науқас Б., 56 жаста, аздаған физикалық жүктемеде күшейетін, тыныштықтағы ентігуге, аяқтарындағы ісінуге, түнде тұншығу ұстамасына, оң қабырғасындағы ауырлық сезіміне шағымданады.
Қарап тексергенде: Тері мен шырышты қабаттары көгістенген. Бауыры айқын ұлғайған. Іш қуысында сұйықтық анықталады. Өкпенің төменгі бөліктерінде ылғал сырылдар естіледі. ЖСЖ - 142 рет. Тыныс жиілігі - 43 рет. Жүректің сол шекарасы бұғананың ортаңғы сызығынан 2,5 см солға жылжыған. Оң жағы – төстің оң қырынан 2,5 см оңға жылжыған.
Науқаста жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі (орналасуы мен ағымына қарай) дамыған?
Ентігу мен тахикардияның патогенезін түсіндіріңіз
Науқаста су алмасуы бұзылысының қай түрі дамыды? Ісіну мен іш шеменінің патогенезін түсіндіріңіз
Патогенездік емдеу ұстанымдарын түсіндіріңіз
№ 13 есеп ЖҚТЖ
Ауыр атлет И., 20 жаста, дәрігерлік тексеруде жүрегі жағынан өзгерістер байқалды. Жүрек қағысы жақсы көрінеді, кеудесін селкілдетеді. Мойнындағы ұйқы артериясының соғысы көрінеді. Жүрек шекаралары солға және төмен кеңейген. Жүрек ұшында бірінші тон әлсіреген. Қолқада екінші тонның әлсірегені анықталды. Бесінші нүктеде (төс шеміршегіне ІІІ қабырғаның бекіген жерінің сол жағында) ұзақ, үрмелі сипаттағы диастолалық шу естіледі. Пульсі минутына 90 рет, жоғары, тез толады. Артериялық қысым 120/50 мм с.б. Басқа ағзалардан өзгерістер байқалмады. Спортшының басқа шағымы жоқ. Ауыр атлетикамен 4 жыл айналысады. Ауру тарихынан балалық шағыгда құздамамен ауырғаны белгілі болды.
Науқаста жүрек қай ақауы дамыған? Жүректің осы ақауындағы гемодинамика өзгерістерінің схемасын жазыңыз
Анықталған өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз
Ауыр атлетте қанайналымы жеткіліксіздігінің қай сатысы дамыды?
Науқаста жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі (орналасуы мен ағымына қарай) дамыған? Ф.З.Меерсон бойынша сатысын көрсетіңіз
№14 есеп. ЖҚТЖ
Науқас М., 30 жаста, дене салмағының айқын артқандығына шағымданады. Қарап тексергенде бетінің айтәрізді болуы, майдың ішінде, мойнында, аяқтарында басым жиналғандығы көңіл аудартады. Тексергенде: АҚ 160/100 мм.с.б., глюкоза 7,5 ммоль/л, гипокалиемия, қаны мен зәрінде глюкокортикоидтар мөлшерінің артқандығы, УДЗ-де бүйрек үсті бездерінің өспесі анықталды.
Науқаста артериялық гипертензияның қай түрі дамыған?
Науқаста АГ патогенезін түсіндіріңіз
Әйгіленімдік АГ мысал келтіріңіз
Патогенездік емдеу ұстанымын көрсетіңіз
№ 1 есеп НЖЖ
20 жастағы науқасты тексергенде: Диурез –тәулігіне 420 мл, зәрдің тығыздығы – 1,011; зәрде нәруыз – 2,0 г/л
Көру аймағында: еріген, сілтіленген эритроциттер, гиалинді, балауызды, түйіршікті цилиндрлер
АҚ – 175/95 мм. с.б.б. , қалдық азот – 190 ммоль/л, қанда нәруыз – 70г/л
1 Тапсырмада берілгендерді медициналық атаусөздермен жазыңыз
2 Зәр мен қандағы өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз
3 Бүйректің қызметі бойынша қорытынды жасаңыз
4 Артериалық гипертензияның патогенезін түсіндіріңіз
№ 2 есеп НЖЖ
К. есімді науқас, жасы 22-де баспаның ауыр түрімен ауырып, 2 апта өткен соң бел аймағында ауыру сезімі, ентігу, жүректің жиі соғуы, бас ауыруы пайда болды. 4 күн ішінде 5 кг салмақ қосты. Қарап тексергенде: бет әлпеті бозғылт; қабақтары ісіңкі және қатпарланған, көз шелі тарылған, тізе және табандары ісінген, жүрек шекаралары кеңейген, АҚ 140/95 мм с.б.б., диурез бірден азайған, зәрде көп мөлшерде эритроциттер, лейкоциттер, түйіршікті цилиндрлер, нәруыз көптеп кездеседі. Қанда антистрептолизин  О және антигиалуронидаза титрінің жоғарылаған.
1 Науқаста қандай ауру дамыған?
2 Аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз
3 Бүйректің қызметі бойынша қорытынды жасаңыз. Бүйрек жеткіліксіздігі туралы ойлауға бола ма?
4 Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз
№ 3 есеп НЖЖ
К есімді науқас, 48 жаста созылмалы диффузды гломерулонефритпен 5 жыл бойы ауырады. Соңғы екі аптада жүрегінің қысып ауыру сезімі, жүректің жиі қағуы, айқын ісінулер әсіресе жүрген кезде аяқтарында байқалады. Зәр талданымының қорытындысы: тәуліктік диурез 1100 мл, тығыздығы 1,042, нәруыз 3,3%. Зәр тұнбасының микроскопиясы: көп мөлшерде түйіршікті және балауыз тәрізді цилиндрлер. АҚ 170/95 мм сын. бағ. Қан талданымы: қалдық азот 70 мг%, жалпы нәруыз 4,8 г%, әлбуминдер 1,5 г%, глобулиндер 2,8 г%, гиперлипидемия, гипернатриемия.
1 Науқаста қандай бүйректік синдром дамыған?
2 Аурудың клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз
3 Бүйректің қызметі бойынша қорытынды жасаңыз. Бүйрек жеткіліксіздігі туралы ойлауға бола ма?
4 Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз
№ 4 есеп НЖЖ
Науқастың АҚ тұрақты көтерілген, шағымдары: басының ауыруы, көзі көруінің нашарлауы. АҚ 190/110 мм сын.бағ; ЖСЖ мин 110рет; таңертен бетінде, көзінің астында ісінулердің болуы. Шеткері қанда: эритроциттер-3,2 х 1012/л, гемоглобин – 105 г/л, ретикулоциттер – 0,02%:, лейкоциттер -5,6 х 109/л. Қан плазмасында: жалпы нәруыз– 56г/л, әлбуминдер – 16 г/л (қалыпты 40-50 г/л), глобулиндер – 40 г/л (қалыпты 20-30 г/л), қалдық азот – 39ммоль/л, зәрнәсіл – 11,4 ммоль/л (қалыпты 3,3-8,3 ммоль/л).
Зәр реакциясы қышқыл, нәруыз мөлшері 0,85 г/л, қантқа реакция теріс. Тұнбаны микроскоппен тексергенде: көру аймағында эритроциттер 2-3, гиалинді цилиндрлер 7-9, эндогенді креатинин бойынша клиренс -50 мл/мин. Зимницкий сынауы:
Уақыт Зәр көлемі Зәрдің салыстырмалы тығыздығы
9
12
15
18
21
24
3
6 80
100
70
80
150
200
100
150 1030
1020
1025
1020
1021
1025
1025
1021
1 Зимницкий сынауын бағалаңыз
2 клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз
3 Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз
4 Дамыған бүйрек жеткіліксіздігінің себебін және БСЖ сатысын көрсетіңіз
№ 5 есеп НЖЖ
Науқас П. 52 жаста, 12 жылдан бері созылмалы гломерулонефритпен зардап шегеді, соңғы күндері күндіз ұйқышылдық және түнде ұйқысыздықтың дамығандығына, тез шаршағыштық, бұлшықеттердің әлсіздігі, апатия, эпигастральды аймағында және кеуде тұсында ауырлық сезімі, құсу, іш өту, терінің қышуына шағымданып дәрігерге келді.
Зерттеп тексергенде: АҚ 165/95 мм сын.бағ. жүрек шекарасы солға кеңейген, жүректің барлық аймағында перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Қан талданымы: анемия, лейкопения; азотемия, гипо және диспротеинемия, эндогенді креатининнің клиренсі 45 мл/мин. Зәр талданымы: тәуліктік диурез 450 мл, тығыздығы 1,029, протеинурия. Зәр тұнбасының микроскопиясы: көру аймағында эритроциттер — 10, көп көлемде лейкоциттер, аздаған түйіршікті және балауызды цилиндрлер. ҚСҮ көрсеткіші: рН 7,32; рСО232 мм сын.бағ. SB 16 мэкв/л, ТК зәрде және NH+4 төмендеген
1 Науқаста дамыған жағдайды қалай бағалайсыз? Осы жағдай дамуының мүмкіндік себептері қандай?
2 клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз
3 Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз
4 Науқастағы бұзылыстардың үдеуін қандай жағдайға жатқызуға болады?
№ 6 есеп НЖЖ
Хирургиялық клиникаға ауыр жағдайда сүйектердің көптеп зақымдануымен және бұлшықет тінінің мыжылуымен, қан кетумен науқас жеткізілді. Жедел көмек көрсетілгеннен кейін науқастың жағдайы жақсарды. Бірақ, екі тәуліктен кейін, жағдайы күрт төмендеп, науқас есін жоғалтты, анурия дамыды.
1 хирургиялық клиникаға түсер кезде науқаста қандай жағдай дамыды?
2 2 күннен соң қандай жағдай дамыды? Анурияның патогенезін түсіндіріңіз
3 Науқаста дамыған жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігінің сатыларын көрсетіңіз
4 Патогенездік емдеу ұстанымдарын сипаттаңыз
№ 7 есеп НЖЖ
Жапа шегуші А жол оқиғасынан кейін клиникаға 5 сағаттан соң жеткізілді. «Жедел көмек» дәрігері қабырғаларының көптеп сынғанын, құрсақтың жұмсақ тіндерінің ұрылуы мен аяқтарында көлемді гематоманың түзілгенін анықтады. Түскен уақытында: есінің тұмандануы, тері жабындарының бозаруы, жіп тәрізді пульс, АҚ 60/20 мм сын.б.б., үзілісті тыныстың болуы. Бір тәуліктен кейін қарқынды орынбасушы қан сары суын және (3 л полиглюкин және реополиглюкин) және 0,5 л қан құйылған соң АҚ 110/60 мм сын.б.б. дейін көтерілді. Бір тәулік бойы диурез болмады. Кейінгі үш тәулікте жағдайы ауыр күйінде қалды. Науқас қатты бас ауыруына, басының айналуына, жиі тоқтамайтын құсуға, жалпы тежелулікке, қысқа уақытты тырысуға, тері асты шел қабатының ісінулеріне, брадикардияға, эпизодтық экстрасистолияға шағымданды. Диурез тәулігіне 150–250 мл -ден көтерілмеді, АҚ 160/90 мм сын.б.б. Қан талданымы: қалдық азот 90 мг%, гиперкалиемия, гипермагниемия, гипонатриемия және гипохлоремия, рН 7,30; зәр талданымы: аздаған протеинурия және цилиндрурия, көру аймағында бірен саран лейкоциттер, миоглобинурия.
5–7-ші тәуліктен кейін науқаста диурездің бірден жоғарылауы тіркелді (2500 мл/тәу дейін), жалпы жағдайы жақсарды (құсу, тырысу, бас ауыруы тоқтады), ісінулердің айқындалуы төмендеді. Зәр талданымы: салыстырмалы тығыздығы 1,010–1,012, шамалы протеинурия, көп көлемде түйіршікті цилиндрлер.
1 Хирургиялық клиникаға түсер кезде науқаста қандай жағдай дамыды?
2 Науқаста қандай бүйректік синдром дамыды және оның себебі не? Анурияның патогенезін түсіндіріңіз
3 Науқаста дамыған жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігінің сатыларын көрсетіңіз
4 Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз
№ 8 есеп НЖЖ
Науқас С., 12 жаста, әлсіздікке, ұдайы шөлдеуге, ашығуға шағымданады. Ата-анасының айтуынша, бұл хас кезінен байқалған. Зәрдің жалпы талданымы: альбуминурия, глюкозурия, фосфатурия. Салыстырмалы тығыздығы 1026, диурез -2500мл, зәрдің реакциясы –сілтілі. Қанда глюкоза 2,9 ммоль/л, қанның рН 7,33, SB және AB төмендеген.
1 Хауқаста қандай синдром дамыды?
2 Берілген синдром бүйрек патологиясының қай тобына жатады? Этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.
3 Клиникалық белгілерді патофизиологиялық сараптаңыз
4 зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз
№ 9 есеп НЖЖ
Науқас М., 42 жаста, клиникаға дене қызымы -380С, беліндегі ауыру сезіміне шағымданып келді. Зәрдің жалпы талданымы: тәуліктік диурез 2 л, зәрі лайлы. Реакциясы қышқыл, салыстырмалы тығыздығы 1020, нәруыз 0,033%, эритроциттер 2-3 көру аймағында, лейкоцит – 20-30 көру аймағында. Штернгеймер-Мальбин жасушалары көп, эпителий жасышалары – 10-20, біріндеген түйіршікті цилиндрлер көру аймағында, айқын бактериурия.
1 науқаста қандай синдром дамыды?
2 Берілген синдром бүйрек патологиясының қай тобына жатады? Этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.
3 Клиникалық белгілерді патофизиологиялық сараптаңыз
4 зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз
№10есеп НЖЖ
Науқас Л., 55 жаста. Рентгенограммада остеопороз анықталды. Артериялық қысым – 180/100 мм с.б. Қанда эритроцит – 2,7х1012/л, Нв - 90г/л, қалдық азот – 90 ммоль/л, креатинин – 140 мкмоль/л. Зимницкий бойынша тексеру нәтижелері:
уақыты Зәр мөлшері Зәрдәі салыстырмалы тығыздығы
9
12
15
18
21
24
3
6 100
140
220
300
200
400
600
500 1014
1013
1012
1014
1012
1010
1012
1014
1 науқаста қандай синдром дамыды?
2 Берілген синдром бүйрек патологиясының қай тобына жатады? Этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.
3 Клиникалық белгілерді патофизиологиялық сараптаңыз
4 зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз
№11есеп НЖЖ
Емдегенге дейін көктамырға енгізілген инулин мөлшері қан плазмасында - 4 мг%, зәрде- 58мг%, диурез 6 мл/мин. Емдегеннен кейін көктамырға енгізілген инулин мөлшері қан плазмасында - 5 мг%, зәрде- 94мг%, диурез 5 мл/мин
1 науқаста қандай синдром дамыды?
2 Берілген синдром бүйрек патологиясының қай тобына жатады? Этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.
3 Клиникалық белгілерді патофизиологиялық сараптаңыз
4 зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз
№ 12 есеп НЖЖ
Науқас Г., 5 жаста, бетінде, денесінде, аяқ-қолдарында айқын ісінулер байқалады. Тәуліктік диурез 400мл, зәрдің салыстырмалы тығыздығы - 1030, айқын протеинурия (альбумин, трансферрин), липидурия. Зәрдің тұнбасында гиалинді және балауызды цилиндрлер анықталды. Бала суық тиіп жиі ауырған, АҚ жоғарылауы анықталады.
1 Науқаста қандай синдром дамыды?
2 Берілген синдром бүйрек патологиясының қай тобына жатады? Этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.
3 Клиникалық белгілерді патофизиологиялық сараптаңыз
4 Зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз
№ 1 ЭЖ
Клиникаға науқас Н., 60 жаста, мұрт, сақал шығуына, етеккір орамының бұзылуына, жалпы әлсіздік басы ауыруына, аяқ қолдары мен арқасындағы ауыру сезіміне шағымданды. Қарап тексергенде анықталды:
Терісі жұқа, құрғақ, іші мен санында қоңыр- қызыл жолақтар.
Бетінде, мойнында, ішінде, кеудесінде май жиналған.
Артериялық қысымы 150/105 мм с.б.
Рентгенограммада жамбас сүйектерінде - айқын остеопороз
Гипернатриемия, гипокалиемия, гипергликемия – 9,5 ммоль/л, глюкозурия
Кортизолмөлшері жоғарылаған
Бұл көріністер қай бездің зақымданғанын көрсетеді?
Жауабыңызды негіздеңіз
Аурудың гипофиздің немесе бүйрекүсті безінің дертінен дамығандығын анықтау үшін қандай қосымша тексерулер жүргізу қажет?
Клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз
Зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз
№ 2 ЭЖ
Клиникаға науқас З., өтпелі салданулар, сезімталджықтың бұрмалану сезімдері, қатты шөлдеуге шағымданды. Қарап тексергенде:
Артериялық қысым 160/110 мм с.б.
Гипокалиемия, гипернатриемия
Тәуліктік диурез 3,5л, протеинурия
Альдостеронартқан, ренин азайған
Бұл көріністер қай бездің қай бөлігінің зақымданғанын көрсетеді? Жауабыңызды негіздеңіз
Ауру қалай аталады? Патогенезін түсіндіріңіз.
Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз
Зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз
№ 3 ЭЖ
Науқас В., 27 жаста, клиникаға әлсіздіктің өршуіне, жұмысқа қабілеттігінің төмендеуіне, ұйқысыздыққа, тәбетінің болмауына, арықтауға шағымданып түсті. Қарап тексергенде анықталды:
Іштің ақ сызығы аймағында, шынтақ буынында, қолтығында, ауыз қуысының шырышты қабатында, тілінде терісінің лас-қоңыр нілденуі.
Артериялық қысымы 80/60 мм с.б.
Бұлщықет межеқуатының төмендеуі
Гипокалиемия, гипернатриемия, қанда қант мөлшері – 3,3 ммоль/л
Қанда кортизол мөлшері төмендеген, зәрде кортикостероидтар мөлшері төмендеген.
Бұл көріністер қай бездің қай бөлігінің зақымданғанын көрсетеді? Жауабыңызды негіздеңіз
Ауру қалай аталады? Оның этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз
Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз
Зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз
№ 4 ЭЖ
Қалқанша безі ауыратын науқасты радиоиммунды талдау әдісімен зерттеп, қан сарысуында тироксин (Т4), трийодтиронин (Т3) және тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейлерін анықтаған. Т4 және Т3-ң қан сары суындағы мөлшері азайған, ТТГ-ң деңгейі жоғарылаған.
Бұл көріністер қалқанша без қызметінің қалай өзгергендігін (гипер- немесе гипофункциясы) мәлімдейді?
Дерттік үрдіс қайда орналасқан? Жауапты негіздеңіз
Осы дертте қандай симптомдар байқалады? патогенезін түсіндіріңіз
Науқас қанында қандай биохимиялық өзгерістер болуы мүмкін? олардың патогенезін түсіндіріңіз
№ 5 ЭЖ
Иттің бүйрек үсті бездерінің екеуі де алынып тасталған. Адреналэктомиядан 1 күннен кейін онда дерттік өзгерістер дамиды (әлсіздік, бұлшықет тонусы төмендеген, анорексия, құсу, анурия). Операциядан кейін 3 тәуліктен соң жануар өліп қалды.
Бұл көріністер қалқанша без қызметінің қалай өзгергендігін (гипер- немесе гипофункциясы) мәлімдейді?
Дерттік үрдіс қайда орналасқан? Жауапты негіздеңіз
Осы дертте қандай симптомдар байқалады? патогенезін түсіндіріңіз
Науқас қанында қандай биохимиялық өзгерістер болуы мүмкін? олардың патогенезін түсіндіріңіз
№ 6 ЭЖ
Клиникаға 5 жастағы бала қашық ауданнан келіп түсті. Бойы мен ақыл-ой дамуының кеш қалуы байқалады. Беті ісіңкі, тілі үлкен, тілдің шеттерінде тістің іздері бар. Терісі құрғақ. Іші кепкен, жиі іш қатулар. Пульс минутына 60 рет., АҚ 95/60.
Науқас қандай эндокриндік аурумен ауырады?
Берілген аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз
Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз
Науқас қанында қандай биохимиялық өзгерістер болуы мүмкін? олардың патогенезін түсіндіріңіз
№ 7 ЭЖ
Науқас А., 16 жаста, дәрігерге қалқанша безінің үлкейгеніне шағым айтып келді. Басқа шағымы болған жоқ. Қалқанша безінің біршама үлкейгендігін бірінші рет төрт жыл бұрын байқады. Қарап тексергенде эндемиялық зоб диагнозы қойылды.
Зоб деген не?
Берілген аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз
Эндемиялық зоб кезінде без қызметі алай өзгереді? Бұл кезде қандай симптомдар кездеседі?
Патогенездік емдеу ұстанымдарын негіздеңіз
8 ЭЖ
Дәрігерге науқас М., 25 жаста, тез арықтауына, тәбетінің жоқтығына шағымданып келді. Қарап тексергенде: терісі ылғал, пульсі110 рет, қолдарының аздап дірілдеуі, қалқанша безі бөліктерінің симметриялы ұлғайғаны анықталды.
Қандай эндокриндік дерт туралы ойлауға болады?
Берілген аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз
Науқасты зерттегенде ТТГ және Т3, Т4 деңгейі қалай өзгеруі мүмкін?
Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз
№ 9 ЭЖ
Науқас А., 45 жаста, дәрігерге үдемелі әлсіздікке, дене салмағының артуына, іш қатуына, етеккір орамының бұзылуына шағымданып келді. Қарап тексергенде терісі салқын, құрғақ, қабыршықтанған, жүрек тондары әлсіреген, пульс 50 рет мин.
Байқалған өзгерістер қай эндокриндік без қызметінің бұзылысын көрсетеді?
Науқасты зерттегенде ТТГ және Т3, Т4 деңгейі қалай өзгеруі мүмкін?
Қанның биохимиялық талдамасында қандай өзгерістер анықталады?
Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз
№ 10 ЭЖ
Науқас Л., 48 жаста, 30 жыл бойы бронх демікпесімен ауырады. Клиникада кешенді емдеуде глюкокортикоидтар қолданылды. Одан әрі науқас глюкокортикоидты өздігінен қабылдады, бронх демікпесі ұстамасы тоқтағандықтан, науқас гормондық препаратты ішпеді. Глюкокортикоидты тоқтатқаннан соң бірнеше күннен кейін әлсіздік, іш өту дамып, тәбеті болмады. Қарап тексергенде: беті мен ішіне май жиналған, аяқ-қолдары арық. Ішінде қызыл жолақты созылған жерлер көрінеді. АҚ 70/50 мм.с.б. қанда глюкоза -2,7 ммоль/л
Глюкокортикоидты тоқтатқаннан кейін науқаста қандай жағдай дамыды?
Глюкокортикоидты тоқтатқаннан кейін гипотензия мен гипогликемияның патогенезін түсіндіріңіз
Глюкокортикоидты қандай мақсатпен тағайындады? Гиперкортизолизммен байланысты симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз
Гормондық препараттарды тағайындағанда нені еске алу керек еді?
№ 11 ЭЖ
Науқас С., 35 жаста, ұйқышылдыққа, есінің әлсіреуіне, басының жиі ауыруына шағымданып түсті. Соңғы 6 айда тәбетінің нашарлығына қарамастан, науқас салмақ қосты. Бір жыл бұрын қалқанша безінің аденомасына ота жасалынған. Қарап тексергенде науқас салмағы артық, терісі бозарған, құрғақ, беті, денесі, аяқтарының басы ісінген. Тамыр соғысы 50 рет минутына, дене қызымы 34,40С, негізгі алмасу 17%.-ға төмендеген. Қанда Т3 және Т4 деңгейі қанда төмендеген, ТТГ артқан.
Науқаста эндокрин жүйесінің қай ауруы дамыды?
Науқасты зерттегенде ТТГ және Т3, Т4 деңгейі өзгеруі нені мәлімдейді? Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз
Қанның биохимиялық талдамасында қандай өзгерістер анықталады?
Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз
№ 12. ЭЖ
Науқас Ф., 14 жаста, бетінде, аяқтарында, қолдарында шаштың артық өсуі анықталды. Науқастың сөзінен соңғы кездері даусының жуандағаны белгілі болды. Томографиялық зерттегенде оң бүйрекүсті безінің ұлғайғаны анықталды.
Науқаста эндокрин жүйесінің қай ауруы дамыды?
Науқасты зерттегенде ГК және АКТГ, эстроген, ГТГ мөлшері қалай өзгереді? Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз
Қанның биохимиялық талдамасында қандай өзгерістер анықталады?
Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз
Есеп № 1 ОДС
Екі жастағы бала аурухананың қабылдау бөліміне иық сүйегінің сынығымен әкелінді. Қарап тексергенде қабырғаның «ескі» сынықтары, сүйектердің майысуы, буындардың қозғалғыштығы, тістерінің пішіні өзгеруі «янтарлы тістер», «көгілдір» склера, ортаңғы және ішкі құлақ сүйектерінің бұзылуы, кереңдік анықталды
Қандай ауру туралы ойлауға болады?
Бұл ауру этиологиясы бойынша остеопатияның қай түріне жатады? Осы топтың басқа ауруларын мысалға келтіріңіз
Науқастағы сүйек тінінің зақымдану патогенезін түсідіріңіз
Сүйек тіннің ремоделденуі деген не? Ремоделдену үрдісінің реттелу тетіктерін түсіндіріңіз
№ 2 ОДС
Клиникаға науқас Н., 25 жаста, мұрт, сақал өсуіне, етеккір орамының бұзылуына, жалпы әлсіздікке, басы ауыруына, аяқтары мен арқасындағы ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде:
Терісі құрғақ, іші мен сандарында қоңыр- қызыл жолақтар
Бетінде, мойнында, ішінде, кеудесінде майдың айқын жиналуы
Артериялық қысым 150/105 мм с.б.
Жамбас сүйектерінің рентгенограммасында –айқын остеопороз
Гипернатриемия, гипокалиемия, гипергликемия – 9,5 ммоль/л, глюкозурия
Кортизолмөлшері жоғарылаған
Остеопорозға анықтама беріңіз, жіктелуін көрсетіңіз
Науқастағы остеопороздың патогенезін түсіндіріңіз. Патогенездің сызбанұсқасын құрастырыңыз
Остеопороздың дамуына әкелетін жайттарды көрсетіңіз
Остеомаляция деген не, остеопороздан айырмашылығы қандай?
№ 3 ОДС
Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігімен ауырған науқастың қанында кальций мөлшері төмендеген, рентгенограммада жайылған остеопороз анықталады.
Остеопорозға анықтама беріңіз, жіктелуін көрсетіңіз
Науқастағы остеопороздың және гипокальциемияның патогенезін түсіндіріңіз. Патогенездің сызбанұсқасын құрастырыңыз
Остеопороздың дамуына әкелетін жайттарды көрсетіңіз
Остеопатияға анықтама беріңіз, остеопатияның түрлерін атаңыз
№ 4 ОДС
Науқас М., 65 жаста, дәрігерге несеп-тас ауруы бойынша қаралды. Сүйек тінінің рентгенограммасында фиброзды өзгерістер байқалады. Сүйек тінінің резорбциясы остеосинтезден басым. Алғашқы гиперпаратиреоз (Реклингаузенауруы) диагнозы қойылды.
Науқастың қанында кальций, фосфат, паратгормон деңгейі қалай өзгереді?
Сүйек тінінің өзгерістерінің патогенезін түсіндіріңіз
Бүйректе тас жиналуының патогенезін түсіндіріңіз
Остеопатияға анықтама беріңіз, остеопатияның түрлерін атаңыз
№ 5 ОДС
Науқас М., 40 жаста, әлсіздікке, шаршағыштыққа, бұлшықетінің гипотониясына, шөлдеуге, аяқ сүйектеріндегі жайылмалы тесіп ауыру сезіміне шағымданды. Рентгенограммада айқын диффузды остеопороз, түтікті сүйектердің эпифизінде кистозды түзіліс және қыртысты қабатының жұқарған бөліктері, бет сүйегінде төменгі жақтың бойына дәнекер тіндердің өскендігі (эпулидтар) анықталады. Қанын зерттегенде: гиперкальциемия, гипофосфатемия, сілтілі фосфатазаның жоғарылағандығы анықталды. Кальциурия және фосфатурия, зәрі сілтілі.
Қандай ауыру тұралы ойлауға болады?
Анықталған аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз.
Клиника-зертханалық мәліметтерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Гиперкальциемияның мүмкіндік салдарын көрсетіңіз
№ 6 ОДС
Бала А., 8 айлық, қарап тексергенде анықталғаны:
Бұлшықеттер тонусы төмендеген, іші «бақаның ішіндей», терісі терлегіш, қызыл дермографизм, шашының түсуі, желкесінде шаштың болмауы. Баланың сүт тістері жоқ, еңбегі үлкен, шеттері төмен түсіп тұр. Бала мазасыз, ұйқысы нашар, ашуланшақ.
Қандай ауыру тұралы ойлауға болады?
Анықталған аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз.
Клиника-зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Бұл аурудың алдын алу мен емдеу ұстанымдарын көрсетіңіз
№7 ОДС
Емханаға науқас Р., 45 жаста, екі қолының саусақтарындағы және білезік буындарындағы ауыру сезіміне, олардың ісінуіне, ертеңгілік қозғалуының қиындауына шағымданады. Ауыру сезімдері жиі қозғалыс кезінде пайда болады. Бұдан басқа, науқасты дене қызымының кешкілік 37,5 – 38,0˚ көтерілуі, жүрек қағуы, физикалық жүктемеде ентігу, әлсіздік, шаршағыштық, арықтағаны мазалайды. Ауру тарихынан буындарындағы ауыру сезімі вирустық жұқпамен ауырған соң соңғы 3 айда мазалағаны белгілі болды. Екі қолының да саусақтарындағы буындар, білезік, шынтақ буындары ісінген, құрылымы өзгерген, терісі қызарған, ауырғандықтан қимылы шектелген. Саусақтарының және шынтақ буынының жазатын бұлшықеттері аздап атрофияланғаны байқалады. Қан талданымы: Эритроцит 3,0 х1012, Гемоглобин 100 г/л; түстік көрсеткіш - 1,0. Лейкоциттер - 10,0 х 109 /л; Лейкоциттік өрнек: Эозинофил - 3, 0 %, таяқшаядролы нейтрофил- 8 %; сегментядролы - 67 %; Лимфоцит -18 % ; Моноцит 4%
ЭТЖ -35 мм/сағ
Қанның биохимиялық талданымы: С-реактивті нәруыз +++; жалпы нәруыз – 50 г/л, А/Г коэффициенті - 1,0
Қандай ауру туралы ойлауға болады?
Аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз
Клиникалық көріністерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Зертханалық мәліметтерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
№ 8. ОДС
Хирургиялық бөлімшеге науқас тізе буынының ауыратындығына шағымданып түсті. Дене қызымы 380С. Қарап тексергенде: оң тізе буыны сипағанда қатты ауырады, қызарған, ыстық және ісінген, сұйықтық бар. Терісінде сыздауықтар бар. Ауру тарихынан науқас көптеген жылдар бойы қантты диабетпен ауырады. Буыннан сұйықтық алынды. Бактериологиялық зерттегенде алынған сұйықтықтан алтынтүсті стафилококк анықталды.
Қандай ауру туралы ойлауға болады?
Аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз. Оның дамуында қанитты диабет қандай рөл атқарды?
Клиникалық көріністерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
Зертханалық мәліметтерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
Задача 9 ОДС
Науқас 45 жаста, тізе буынында жүрген кезде екі жыл бұрын пайда болған қатты ауыру сезімі мен сықырлауына шағымданып келді. Алғашқы кезде ауыру сезімі таңертең ұйқыдан тұрған соң, жүрген кезде немесе ұзақ отырғаннан соң болатын. Уақыт өте келе ауыру сезімі күшее түсті және үнемі біліне бастады. Науқас ауыр атлетикамен ұзақ уақыт бойы шұғылданғаны тұралы ауыру тарихынан белгілі болды. Тексеріп қарағанда: тізе буынының көлемі ұлғайған, үстіндегі терісі өзгермеген, тізенің бүгілуімен жазылуы шектелген және сықыр естіледі. Рентген түсірілімінде буын саңылауы тарылғаны,шеміршек асты аймақтың склерозы ортан жілікпен үлкен асықты жілік айдаршықтарының үстіктенуі, қоршаған жұмсақ тіндерде тұздардың жиналуы анықталады. Лейкоциттер саны, ЭТЖ, СӘН қалыпты жағдайда.
Қандай ауыру тұралы ойлауға болады?
Анықталған аурудың этиологиясымен патогенезін түсіндіріңіз.
Рентген нәтижелерімен клиникалық көріністеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Буындық синдром дегеніміз не, қандай көрініс береді? Артрит пен артроздың айырмашылығы қандай?
Задача 10. ОДС
Дірігерге 60 жасар науқас ұршық буынында шап аймағына берілетін қатты ауыру сезіміне шағымданып қаралды. Ауырғанына үш жыл өтті. Алғашқы кезде ауыру сезімі ұзақ жүктемеден кейін, сосын тыныштықта да болатын. Ұзақ жүрсе ақсаңдай бастайды. Қарап тексергенде: санының ішке бүгілуімен сыртқа бұрылуы шектелген. Рентген түсірілімінде:ұршық ойығының ішкі және сыртқы жағында да, шеміршек шегініңсыртына шығатын сүйектелген өсінділер анықталады. Ортан жіліктің ұршығының басы ұлғайған пішінін жоғалтқан. Ұршық буынының саңлауы біркелікі емес тарыла бастаған. Лейкоциттер саны, ЭТЖ, СӘН қалыпты жағдайда.
Қандай ауыру тұралы ойлауға болады?
Анықталған аурудың этиологиясымен патогенезін түсіндіріңіз.
Рентген нәтижелерімен клиникалық көріністеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Берілген аурудың емдеуімен алдын алу ұстанымдарын тұжырымдыңыз.
Задача 11. ОДС
Балалар бөліміне 3 жасар науқас түсті. Қарап тексергенде: жүрісі үйрек тәрізді, адинамия, бойы қысқа, айақтарының О-тәрізді иілгені байқалды. Ата-анасының сөзінен бала мерзіміне жетіп туылған, босану үрдісі қалыпты болған. Баланың 2 жасынан бастап ауру белгелері байқала бастаған. Үчасткелі дәрігер рахит аңғарымын қоып, Д дәруменін тағайындаған, бірақ ем қонбады. Тексеріс кезінде шамалы гипокальциемия, айқын гипофосфатемия, сілтілі фосфатазаның белсенділігі жоғарылаған, 25(OH)2D3 қандағы деңгейі төмендеген, фосфатурия анықталды.
Қандай ауыру тұралы ойлауға болады?
Анықталған аурудың этиологиясымен патогенезін түсіндіріңіз.
Клиника-зертханалықнәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Остеомаляция дегеніміз не? Остеомаляцияның түрлері.
№ 12 ОДС
Дәрігерге 20 жасар науқас арқасының және ішінің терісінде нілденбеген дақтар пайда болуына шағымданды. Хашимото тиреоидиті бойынша эндокринологта ем қабылдаған. Ауыру тарихынан жақын туысқандары аллергиялық аурулармен зардап шегетіні белгелі болды. Гистологиялық тексерісте меланоциттердің жоқтығы анықталды.
Қандай ауыру тұралы ойлауға болады?
Анықталған аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз.
Нілденудің қандай бұзылыстарын сіз білесіз? Мысалдар келтіріңіз.
Терінің нілденуі бұзылуымен сипатталатын тұқым қуалайтын ауруларды атаңыз.

Приложенные файлы

  • docx 19146393
    Размер файла: 194 kB Загрузок: 2

Добавить комментарий